Әйел денсаулығына пайдалы 8 өнім

Косметикалық құралдарды қолданып, бет және дене терісін жарқырата аламыз, алайда өзіңізге тек сырттай емес, ішкі жағынан да күтім жасау керек. Барынша ұзаққа дейін сау әрі жігерлі болып қалу үшін рационыңызға әйел денсаулығына пайдалы азық-түлікті қосу маңызды. Олардың ең қолжетімді әрі тиімді түрлерін ұсынамыз.

Грек йогурты
Үйлесімді рационды сүтті өнімдерсіз елестету қиын. Көпшілік адамның біртіндеп табиғи жануар сүтінен бас тартып жатқанына қарамастан, грек йогурты мен айран әйел денсаулығына өте пайдалы. Бұл өнімдерде пробиотиктердің — ішектердің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті пайдалы бактериялардың көп мөлшері бар. Айран, майсыз сүзбе және грек йогуртын кальций, темір және магний жетіспеушілігімен қиналатын әйелдерге жиі ішу ұсынылады.

Зығыр майы
Зығыр майы емдік қасиеттерге ие және ол қаныққан майлы қышқылдардың бағалы көзі саналады. Бір шай қасық зығыр майы ағзаны омега-3 майлы қышқылының тәуліктік қажеттілігінің шамамен төрттен бір бөлігімен қамтамасыз етеді. Бұл майда сондай-ақ Е, А, В тобының дәрумендері және магний, фосфор, мырыш, темір секілді микроэлементтер бар. Майдың ағзаға нәтижесін көру үшін таңертең аш қарынға бірнеше тамшы зығыр майын ішу ұсынылады. Оны 2-3 ай қатарынан күнде тамақ ішер алдында 30 минут бұрын ішу керек. Алайда оны қан ауруларымен, жеке көтере алмаушылықпен және ұйқы безі проблемасымен қиналатын адамдарға ішуге болмайды.

Банан
Бұл жемісті ойланбастан күнделікті рационға қоссаңыз болады. Банан десертті ауыстыра алады. Ол — әйел денсаулығына қажетті дәрумендердің, калий және басқа да микроэлементтердің көзі. Сондай-ақ банан жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысына жақсы әсер етеді.

Қызанақ
Жаңа піскен қызанақтарда көп пайдалы заттар бар. Олардың арасындағы ликопин — қартаюды баяулатуға көмектесетін және қатерлі ісіктің және жүрек-қан тамырлар ауруларының пайда болу қаупін азайтатын өсімдік антиоксиданты. Қызанақтың құрамындағы К дәрумені мен кальций сүйектердің қалпына келуіне және қатаюына пайдалы, ал хром қандағы қант деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі. Қызанақтар төмен калориялы болғандықтан, оларды кешке жайрақ жей беруге де болады.

Балықтың майлы сұрыптары
Теңіз өнімдерінде адамға пайдалы заттар көп. Албырт, скумбрия және ақсерке секілді майлы балықтарда ми қызметін ынаталандыратын және қан тамырларды қатайтатын омега-3 қышқылдары бар. Майлы балықтарда кальций, мырыш, темір және магний де көп мөлшерде болады. Олар жүйке жүйесін тұрақтандыруға, ұйқысыздықпен және нашар көңіл күймен күресуге көмектеседі.

Авокадо
Авокадода тері мен шаш саулығына пайдалы майлар, Е және В тобының дәрумендері бар. Піскен авокадода көп мөлшерде болатын олеин қышқылы терідегі ылғалдылықты сақтауға көмектеседі және зақымдалған жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Құрылымы майлы және құрамында аспаздық талшықтар бар болғандықтан авокадо іш қатудан арылтады және ішектер микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі.

Сұлы
Сұлы тоқтық сезімін ұзаққа сақтайды, сондықтан артық тамақ жеудің алдын алады. Ол сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін тұрақтандырады. Әйел денсаулығы үшін маңызды бұл өнімде шаш, тері және тырнақ жағдайын жақсартатын жасұнықтар, магний, кремний және басқа да микроэлементтер бар. Сұлы ботқасы пайдалы болуы үшін тұтас дәнді сұлыны таңдаңыз. Оның жасұныққа бай қабығы бар: ол ішектерді жақсы тазартады.

Жаңғақтар
Грек жаңғағы, бадам, кешью, орман жаңғағы, балқарағай жаңғағы: бұлардың бәрі әйел денсаулығына пайдалы жаңғақ түрлеріне жатады. Олар дәрумендер мен минералдардың тепе-теңдігін толықтыруға көмектеседі. Сондай-ақ олар холестерин деңгейін азайтады. Жаңғақтар жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, иммунитетті қатайтады және темір жетіспеушілігімен күреседі. Жаңғақтар ағзаға жақсы сіңуі үшін оларды шикі көкөністермен үйлестіру ұсынылады.