Авокадо — дәмді және пайдалы өнім. Оны бүкіл әлемде жақсы көреді және ол көптеген рецепттердің ингредиенті болып келеді. Алайда оны сатып аларда бұзылмағанын ұстап тұрмын ба деген сұрақ мазалауы мүмкін. Авокадо пісіп кеткен болса, оның жағымсыз және айрықша дәмі болады. Авокадо сапасын қалай анықтаймыз және оны қалай сақтау керек?
Авокадоның сыртын тексеріңіз. Егер оның қабығының кішкентай бөлігін болсын зең басып тұрса немесе одан жағымсыз иіс шығып тұрса, оны жеу қауіпті. Егер жеміс зақымдалған болса, немесе бір бөлігі басқа жеріне қарағанда жұмсағырақ болса, авокадо бұзылған болуы мүмкін.
Авокадоның түсіне мән беріңіз. Авокадо қабығының түсі өсімдік сұрыбына байланысты. Авокадоның кең тараған сұрыбы — «хаас»: оның қабығының түсі пісуіне қарай қою жасылдан қою қызылға қарай өзгереді. Егер бұр сұрыпқа жататын авокадоның қабығы қара болып кетсе, ол оның пісіп кеткенін білдіреді. Сондай-ақ авокадоның «фуэрте», «пинкертон» және «эттингер» деген сұрыптары да кездеседі. Әдетте, бұл жемістердің қабығы піскен болса да, жасыл болып қалады.
Авокадоны саусақтарыңызбен жайлап қысып көріңіз. Бірақ қатты қыспаңыз, әйтпесе, сырты жапырылып қалуы мүмкін. Егер авокадо піскен болса, жемістің сырты орташа қатты екенін байқайсыз. Ал егер қабығын саусағыңызбен жайлап қыссаңыз да, сырты майыса бастаса, онда авокадо бұзыла бастаған.
Авокадо сапасын тексеру үшін «құйрықшасына» қараңыз. Кей білгіштер авокадоны аларда «құйрықшасына» қарап алуды ұсынады. Егер «құйрықшасы» оңай алынып қалса, онда жеміс піскен.
Егер авокадоны сатып алып келген болсаңыз, оны екіге бөліңіз. Авокадо етінің түсі ашық жасыл болуы керек. Егер оның түсі қоңыр немесе қара болып шықса, мұндай авокадоны жеуге болмайды. Бірақ егер оның етінен аздап қоңыр дақтар көрсеңіз, оны тамаққа қолдана беруге болады.
Авокадоны қалай сақтау керек?
Авокадо пісіп кетпес үшін оны дұрыс сақтау керек. Егер піскен авокадо сатып алып, бірақ қазір оның бәрін жеу жоспарда болмаса, оны тоңазытқышта сақтаңыз. Піскен және кесілмеген авокадоны бөлме температурасында 3-4 күнге дейін қалдыруға болады, ал тоңазытқышта 1 апта бойы да бұзылмайды.
Кесілген авокадоны да бірнеше кұн сақтауға болады. Ол үшін кесілген авокадоны аспаздық пакетпен орап қойыңыз немесе ауа кіргізбейтін қақпағы бар контейнерге салыңыз. Осылайша, ол 2-3 күн сақталады.
Авокадо еті қарайып кетпес үшін оған аздап лимон немесе лайм суын шашып жіберуге болады. Егер кесілген авокадоның түсі қоңыр болып кетсе, оны лақтыруға асықпаңыз. Қасықпен қарайып кеткен қабатты алып тастасаңыз, сол кезде асты әлі ашық жасыл болып тұрады.
Егер сатып алған авокадо піспеген болып шықса, оны бөлме температурасында 4-5 күнге қалдырыңыз.