- Негізгі бет
- Аспаздық
- Аузыңызды қызыл бұрыш...
Аузыңызды қызыл бұрыш күйдірсе...
Чили бұрышын көп жеп қойдыңыз ба? Әлде ащы тағам дайындап жатқанда қызыл бұрыш қолыңызды күйдіріп жіберді ме? Қорықпаңыз, оны қойдырудың жолдары бар.
Егер қолыңыз қызып ауырса...
Төмендегі әдістер жағымсыз әсерді кетіруге көмектеседі. Бірден бірнешеуін жасауға болады:
1. Қолыңызды сұйық сабынмен жуыңыз. Сұйық сабын бұрыштың құрамындағы капсаицинді жақсырақ ерітеді.
2. Қолыңызды бірнеше минут ащы алкогольді сусында ұстаңыз. Сыра көмектеспейді, бірақ спиртті лосьон немесе тоникті пайдалануға болады.
3. Қолыңызға тіс пастасын жағып, ауырғаны кеткенше жүре тұрыңыз.
4. Қолыңызға қияр бөлігін басуға болады. Бұл әдісті ащыны көп жейтін елдерде жиі қолданады.
5. Май, глицерин, түнгі крем немесе басқа да кез келген майлы құрал жағыңыз.
6. Ас содасы мен суды араластырып, қою қоспаны теріге жағып, толықтай кепкенше күтіңіз.
Бұл жағымсыздықты кетіргенше оның алдын алған оңай. Ащы қызыл бұрышты тамаққа қолданарда қолыңызға қолғап киіп алған жөн. Тіпті, қол астында қолғап болмаса, аспаздық пакет киіп алыңыз.
Егер аузыңызды қыздырса...
1. Аузыңыздың күйдіруін сумен басуға тырыспаңыз: ол, керісінше, одан сайын қыздырады. Кофе, шай және газдалған сусын да көмектеспейді.
2. Салқын сүт ішіңіз. Оның құрамында капсаицинді ерітетін май мен ақуыз бар. Бірақ алдымен сүтпен аузыңызды шайыңыз, содан соң ғана ішіңіз. Сүтті бірден ішіп жіберсеңіз, ол ішіңізді де қыздырады.
3. Егер қол астында сүт болмаса, оның орнына айран, қаймақ немесе йогурт ішуге болады. Ауыздағы ащылықты кетіруге балмұздақ та көмектеседі.
4. Егер үйде ешқандай сүтті өнім болмаса, тіліңізге кез келген май жағыңыз.
Егер бұрыш көзіңізге тиіп кетсе...
Бұл жағдайда көзіңізді сүтпен шаю керек, содан соң көзіңізге сүтке малынған мақтаны басыңыз. Егер көзіңіздің ауырғаны кетпесе, міндетті түрде көз дәрігеріне қаралыңыз.
А. Жапатова