Әрбір үй ханшайымының өз ас бөлмесінде қолданантын амал-тәсілдері болады. Сүйікті тағамды дайындағанда қолданатын түрлі қулықтар мен асүйге қажет кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.
• Кеуіп кеткен ірімшікті 20 минут сүтке салып алса, қайта қалпына келтіруге болады.
• Пияз турағанда екінші бөлігі қалып қойса, кескен тұсына май жағып қою керек, сонда балғындығы сақталады.
• Картопты қайнатқанда аскөк, пияз немесе 2 тіс сарымсақ салып жіберсе, дәмі ерекше болады.
• Жемістерді пластмасса тақтайға тураған дұрыс, себебі ағаш тақтай шырынды бойына сіңіріп алады.
• Үрмебұршақты суға қайнатқанда аздап өсімдік майын тамызса жұмсарады әрі дәмі кіреді.
• Гүлді қырыққабатты қайнатқанда қарайып немесе түсі кетіп қалмас үшін 1 шай қасық қант салу керек.
• Бауырды пісірмей тұрып, бірінші сүтке салып алса дәмі тіл үйіреді.
• Етті пісірер алдында ұзақ уақыт суға салмайды.
• Цитрусты жемістерді 5 минут ыстық суға салып алса, көп шырын шығады.
• Картоптан ботқа жасағанда ыстық сүт құйған дұрыс.
• Жеміс-жидектерді сүйегінен тез ажырату үшін мұздатқышта біраз ұстау керек.
• Қышқыл жемістерден шырын дайындағанда бір шымшым сода қосып жіберсе, дәмі кіреді.
• Алюминий ыдыстың құрамында қышқыл көп. Егер оған жидектерді қайнатса, тосаптың түсі өзгереді.
• Қаймақтың сапасын анықтау үшін, 1 стақан ыстық суға 1 шай қасық қаймақ салып араластырады. Жақсы қаймақ сумен тез араласып кетеді, ал сапасыз өнім түбінде шөгіп қалады.
• Ірімшікті мұздатқышта сақтаса, балғындығы кетеді.
• Тұздалған қырыққабат пен қиярды сорпаны ыдысқа құяр алдында салса, дәмі керемет сақталады.
• Ақжелкен мен аскөкті газеттің ортасына салып сақтаса, түсін сақтап қалады әрі жақсы кебеді.