Ертеде бір ғалым «қажетсіз нәрсе» деген ұғымды білмейді екен. Қарындашының ұшын шығарған қалдығын да тастамай жинай беріпті, оны өз жаназасында артында қалғандар отын ретінде пайдаланған екен. Сол секілді еш нәрсені ысырап етпей, қажетке жарата білген жөн. Әсіресе, тамақты ысырап етпеу – ізгіліктің үлкені.
Ең бастысы нанды зая қылмаған абзал. 2-3 күн бойы желінбей, бұзылуға жақындаса, одан мынадай дәмді асты жасап көріңіз. Шұңғыл ыдысқа бірнеше жұмыртқаны шағамыз. Сұйықтықты араластырып, нанды малып аламыз да, майға қуырамыз. Сұйықтыққа кішкене сүт тамызып, аздап қант не тұз себуге болады.
Көп қонақ күткеннен кейін, ертесі күні кесілген шұжық, сырлар желінбей қалатын жағдай жиі кездеседі. Оларды қоқысқа тастауға асықпаңыз. Шұжықты 2-3 күн ішінде қуырып алсаңыз, балғын болып шыға келеді. Ал сырды нанның бетіне қойып, пешке 5-10 минутқа салып, ерітіп алсаңыз, тойымды тағам әзір болады. Мұны жылдам дайындалатын тағам ретінде жаңадан сатып алынған сырдан да дайындауға болады.
Қаймақ, сүт, кілегей (сгущенка), айран секілді өнімдер бұзыла бастағанда бауырсақ не торт қамырына қосып илесек, бөлек дәм береді әрі тамақтарды зая қылудан сақтаймыз. Әлбетте қалдық тағамдар тым көп болмайды. Сондықтан дәмін бұзып жібереді деп қорықпаңыз. Тіпті тауық етін қайнатқан сумен, сорпамен иленген қамырдан да өте дәмді бауырсақ шығады.
Алма, алмұрт секілді жеміс-жидектер бұзылып кетсе, компот не тосап қайнатып алған жөн.