1. Шикі етті тураған қолыңызды жумастан басқа тағамдарды ұстамаңыз.
2. Турамаға қуырылған пияз қоссаңыз, ұзақ уақыт сақталады.
3. Ет пен балықтан жасалған турамаларда микроб жылдам көбейетіндіктен, ұзақ уақыт сақтауға болмайды.
4. Тураманың шырынды болғанын қаласаңыз, сүт немесе су қосыңыз.
5. Бауырдың дәмді болып піскенін қаласаңыз, 1 минутқа ыстық суға салыңыз. Артынша жақсылап кептіріңіз.
6. Бауырға тұз салсаңыз, қатты болып піседі.
7. Піскен, қуырылған бауырды кесіп тексерген кезде арасынан қан шықпауы тиіс.
8. Піскен бүйректі дастарханға ұсынбас бұрын аз лимон шырынын себіңіз.
9. Піскен тілдің қабығын аршу үшін 2-3 минутқа суық суға салып қойсаңыз жеткілікті.
10. Желінді қазанға салмас бұрын 5-6 сағатқа суық суға салыңыз. Ал жүректі 1-2 сағатқа.
11. Ет жұмсақ болып пісуі үшін 1 литр сорпаға 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз.
12. Еттің дайын болғандығын тексеру үшін ең қалың жерін кесіңіз. Артынша кесілген жерден мөлдір су ғана шығуы тиіс.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: sobesednisa.com