- Егер салатқа пияз қосқыңыз келсе, оны майдалап турап кепсердің ішіне салыңыз. Артынша үстіне ыстық су құйыңыз. Осылайша жұмсарып, ерекше дәмге ие болады;
- Майонездің ашып келе жатқанын байқасаңыз, үстіне бір ас қасық суық су қосыңыз;
- Суға лимон шырынын қоссаңыз, қабықсыз пісірілген картоп ағара түседі;
- Салаттың дәмі әр түрлі болу үшін қант, бұрыш, сірке су және қыша үгітіндісін қолданыңыз;
- Салатты әрлеу үшін қызылшаны пайдаланбаңыз, оның күлгін түсі өзге көкөністерге сіңіп кетеді;
- Сұр түске боялатындықтан, пюрені суық сүтпен езудің қажеті жоқ;
- Түйіршіктер пайда болмас үшін ыстық сүтті аздан құю керек;
- Винегрет салатына арналған картоп, сәбіз, қызылшаны қабығымен асқан дұрыс;
- Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен арылу үшін пияздың бір бөлігін қойып қойсаңыз жеткілікті;
- Жұмыртқа жарылған кезде ақуызы төгіліп қалмас үшін, асатын суға тұз қосыңыз;
- Көкөністерді асатын болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып жіберіңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: woman.ru