Жүйке жүйесі шаршаған кезде бүкіл ағзаға зиянын тигізеді. Осының салдарынан болатын күйзеліс, невроз сындылар адамды жазылмайтын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан дер кезінде шара қолдануымыз қажет. Ол үшін төмендегі жүйкені тынышталдыратын тағамдарды көбірек тұтынғанымыз абзал:
1. Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: гречка немесе арпа ботқасы, қара нан.
2. Миымыз шамадан тыс көп кітап оқыған кезде шаршайтындықтан, В2 дәрумені қажет: сары өрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, шпинат. Ағзада бұл тағамдар жетіспесе, көңіл-күй түсіп, бас ауырады.
3. Бір ғана күннің ішінде түрлі оқиғаға тап боламыз. Ол оқиғалар бірде бізді мұңайтса, кейде шаттық сыйлайды. Ал ағзамыз өз кезегінде жылдам өзгеріске бейімделе алмайды. Осындайда жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін В12 дәруменінің көп болуын қамтамасыз еткен жөн. Олар: теңіз тағамдары, жүрек, бүйрек, бауыр еті, жұмыртқаның ақуызы. Осы тағамдарды жеу арқылы өзіңізді Альцгеймер ауруынан сақтандыра аласыз.
4. Барлық сүтті тағам. Жүйкемізге де кальций қажет. Кальций жетіспеген жағдайда адам ашуланып, қобалжи береді.
5. Мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін йод керек. Ал йодты кез келген теңіз тағамынан, орамжапырақтан табуға болады.
6. Банан мен қызанақ күйзелістің алдын алады.
7. Лосось балығының құрамында пайдалы майлар бар. Күйзелістің пайда болуын 60 есе төмендетеді.
8. Сәбіз бен алманың құрамында адам ағзасына қажет кальций мен фосфор көп.
9. Құлпынайдың антидепрессант болу қасиеті бар.
10. Ірімшік, картоп, күріш, арахистың құрамында тирозин, триптофан, глютамин қышқылы секілді аминқышқылдары кездеседі.
Әдетте барлық ауру жүйке жүйесі жұмысының бұзылуынан басталады дейді. Расымен де, жүйке нашарлаған кезде жүрек қан тамырлары әлсіреп, ас қорыту, зәр шығару органдары бұзылады. Сондықтан жоғарыдағы тағамдарды көбірек тұтынуға тырысыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: skholazhizni.ru