Асхана қожайындарына алтын кеңестер

Асхана қожайындарына алтын кеңестер

Асхана қожайындарына арналған кезекті кеңестерімізді ұсынамыз. Оқыңыз да, кәдеңізге жаратыңыз!

  • 1. Жүгері қайнатқыңыз келсе...
  • Жақсы жүгері таңдағыңыз келсе, мына қасиеттеріне назар аударыңыз: жас жүгерінің дәндерінің түсі ашық сары, собығы аса үлкен де, ұзын да емес, дәндерінің қатары біркелкі әрі қатты болуы қажет.
  • Ең алдымен жүгеріні жақсылап жуып, лас собықтарынан тазартып алыңыз, таза жапырақтарының сол қалпында тұра бергені дұрыс, олар жүгеріге хош иіс пен жағымды дәм береді.
  • Қатайып кетпес үшін жүгеріні тұзсыз қайнатады.
  • Өзегін тағам ретінде пайдалануға болмайды.
  • Оны шұңғылы және жуандау келген, қақпағы бар ыдысқа қайнатқан жөн. Су жүгеріден бірнеше сантиметр асып тұруы керек. Қысқа толқынды пеште 10-2 минут, булатқышта 15 минут, жылдам қайнатқышта (скороварка) 5-10 миунт қайнатсаңыз жеткілікті.

2. Картопты қапшықта өніп, ұрықтап кетпесін десеңіз, арасына алма салып қойыңыз.

3. Жұмыртқаның сапасына сенбесеңіз, ыдысқа 10 сантимертдей су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Сапалы әрі жаңа жұмыртқа ыдыстың түбінде қалады. Енді ғана бұзылуға икемделген, тез пайдаланып тасталуы керек жұмыртқалар су толтырылған ыдыстың ортасында тұрып, ал мүлде жарамайтын жұмыртқа бетіне қалықтап шығады.

4. Цитрусты жемістер мен қызанақты тоңазытқышқа салушы болмаңыз, төмен температура олардың дәмі мен иісін бұзып жібереді.

5. Жұмыртқаны тоңазытқышта сүйір жағымен (аяқ жағын басына қаратып) қойып сақтар болсаңыз, ұзақ уақытқа әрі жақсы сақталады. 


6. Электр шәйнегін қақтан тазарту үшін сірке суы мен қарапайым суды теңдей мөлшерде құйып, қайнатыңыз.

7. Сорпаңыздың тұзы тым ащы болып кетсе, аршылған бір түйір картопты тастаңыз, ол артық тұзды сіңіріп алады.

8. Аквариумды тазартқанда, суды төге салмаңыз, онымен бөлме өсімдігін суарған абзал. Себебі, балықтың қиының құрамындағы азот пен фосфордың көп мөлшері суды құнарлы етеді.

9. Өте жақсы картоп езбесін дайындау үшін картоптың ашық түстісін және тегісін таңдап алыңыз. Қызыл қоңыр, қызыл түсті картоптар езбе үшін жарамайды. Қайнатылғаннан кейін мұндай картоптар жабысқақ болып кетеді.

10. Пайдаланылып қойған өсімдік майынан екінші рет тағам дайындағыңыз келсе, алдыңғы тағамның дәмі, иісі кедергі болып жатады. Кедергіден құтыламын десеңіз, майға жарты сантиметр зімбір салып қайнатыңыз. Ол бөтен иістер мен дәмдерді жоқ қылады.

11. Банандарды басқа жемістер мен немесе басқа банандармен қосып сақтаушы болмаңыз. Банандарды бір-бірінен ажыратып қойыңыз. Бұлай дейтініміз, банандар жемістің тез пісуіне әсер ететін газдарды бөліп шығарады. Жеке тұрған банандар ұзақ уақыт жаңа күйінде сақталады.

12. Ауа кірмейтін контейнерлерді сақтағанда, жағымсыз иістер шықпасын десеңіз, тұз сеуіп қойыңыз.


13. Солған гүлдерді тірілтіп көрейік!

  • Ең алдымен бактерияларды өлтіру үшін суға бір тамшы ағартқыш құралды немесе ыдыс жуатын сұйықтықты тамызыңыз.
  • Өте қатты солған гүлдерді 4 л суға 2 шәй қасық нашатыр мен 1 таблетка аспирин салу ақылы қалпына келтіруге болады.
  • Раушан гүлдерінің шоғырын ұзақ уақыт сақтау үшін оның суға тиіп тұратын сабағындағы тікендер мен жапырақтарын кесіп тастау қажет.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева