Ақылы асханаға барғанда, сіздің алдыңызға алдымен астан бұрын асхана аспаптары, яғни пышақ, шанышқы, қасықтар келеді. Кейде мейрамханаларда даяшылар алдыңыздағы асты сұраусыз алып кететін жағдай кездеседі. Бұл сол мейрамхананың тәртібіне байланысты немесе сіз асхана аспаптарын дұрыс қоймағансыз. Пышақ пен шанышқыны қалай қоюыңыз да маңызды. Олардың да өз тілі бар. Иесінің атынан даяшыға ақпарат беріп отырады.