Ащы бұрыштың теріні күйдіріп жатқандай жағымсыз әсерін бастан өткеріп көрген боларсыз? Ащы бұрыштан көзден жас ағып, ал кейде дем алу қиындай түседі. Бұл өнімнен көбіне ауыз қуысы мен қол жапа шегеді, ал олардың әрқайсының тері сезімталдығы әртүрлі, сондықтан ащы бұрыштың әсерін бейтараптандыру әдістері де өзгеше.
Ащы бұрыш жайлы қысқаша
Ащы бұрышты қолданғанда барынша абай болыңыз, өйткені оның салдарынан емделуден гөрі, дуылдаудың алудың алдын алу оңай. Бұл көкөніске дуылдата күйдіретін дәм беретін заттек – капсаицин деп аталады. Жаңа піскен көкөніске қолың тиіп кеткенде немесе бұрыш қосылған тағам ауызға түскенде дуылдап, күйдіріп жіберердей әсер болады.
Бұрыштың күйдіргіш дәрежесі оның түріне және құрамындағы капсаицинге байланысты. Ең дуылдатып күйдіретін түрлері Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Кариб теңізінде, ал жұмсақ дуылдатып күйдіретін бұрыштар, мысалы итальяндық пеперончино Еуропада өседі. Бұрыш қосып қандайда бір тағамды әзірлегенде немесе бұрыш егінін жинағанда абай болыңыз және капсаицин теріге, сонымен қатар көзге түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Егер көкөністі абайсызда қолыңызбен ұстап алсаңыз, міндетті түрде сабындап жуыңыз.
Бұрыш тураған қолыңызбен көз аймағын және ерінге тимеңіз – бұл жерлердің терісі өте сезімтал, сондықтан дуылдауды қатты сезетін боласыз.
Ауыз қуысындағы бұрыш әсерін бейтараптандыру
Ауыз қуысының дуылдауын бейтараптандыру үшін майлы бірдеңе ішіңіз. Капсаицин майда еритін зат болып саналады, бірақ суда ерімейді. Осы мақсатта кілегей, йогурт немесе сүт жарайды. Бұдан өзге, дуылдауды суық сусын басуға көмектеседі, мысалы, 1-2 стақан суық сүт ішіңіз. Сонымен қатар дуылдауды қияр, тұз, бал, нан кетіре алады.
Бұрыштың әсерінен қолдың дуылдауын бейтараптандыру
Күйдіретін бұрыш қол терісіне тиген кезде тез арада зақымдалған аймаққа тұз жағып жіберіңіз. Қоспа теріге тегіс жағылуы үшін тұзға бірнеше тамшы су тамызып жіберсеңіз болады. Қоспаны 10 минуттай ұстаңыз, кейін алдымен сүтпен, сосын сабынды сумен жуыңыз. Артынан ылғалдандыратын крем жағыңыз. Егер бұл көмектеспесе, қолыңызды 5-7 минутқа градусы қатты алкогольді ішімдікке салыңыз. Тұз сіңіп қалған бұрыштан тазарта алады, ал сүт, сабын мен алкоголь – қалған бөлшектерін ерітеді. Бұған қоса, бірнеше уақытқа дуылдаған жеріне мұз қою арқылы сезімталдығын басуға болады. Жаңа піскен қияр тілімін зақымданған жерге қою арқылы да бұрыш әсерін бейтараптандыруға болады.
Сурет: www.liveinternet.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина