Әр арудың ас үйде қолданатын амал-айлалары болады. Ас үйдегі кеңестер топтамасын толықтырып отырайық.
Азық-түлік сақтауға арналған түрлі герметикалық ыдыстар әр ас үйде табылады. Босап қалған жағдайда олардың ішінде жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін. Одан сақтану үшін контейнерге кішкене ғана тұз сеуіп қойыңыз.
Банандарды бір-бірімен бірге, басқа жемістермен бірге сақтауға болмайды. Банандар бірге сақтаған жағдайда, олардан жемісті тез құртатын газ бөлінеді. Бөлек сақтағанда, банандар ұзақ қараланбай, құрымайды.
Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.
Цитрус жемістері мен қызанақты тоңазытқышқа салмаған дұрыс. Төмен температура жылуға үйренген жемістерді бұза алады.
Қапта сақталатын картоп одан әрі өсіп кетпеуі үшін қаптың ішіне бір алма салып қоюға болады.
Жұмыртқаны тексеру үшін, оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа тастаңыз.
Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.
Ал сіз ас үйде қандай айла қолданасыз?
Дайындаған: Сания Аринова