- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ас үйде ескерілмейтін...
Ас үйде ескерілмейтін ережелер
Ас үйде жүргенде ескеру керек ереже көп. Кейбіреуіне сенбейміз, кейбіреуіне көңіл бөлмейміз. Күндердің күнінде біз бағынбаған қарапайым қағидалар өзімізге соққы боп тиюі мүмкін.
Майды жоғарғы сөреде сақтау
Қандай жағдай болса да, тамақ пісіруге арналған өсімдік майын жоғарыға не от жанына қоюға болмайды. Жоғары температурада өсімдік майы дәрумендері мен пайдалы элементтерін жоғалтып, тіпті денсаулыққа зиянын тигізуі де әбден мүмкін. Сонымен қатар ыдыс жуатын сұйықтықтар жанына, ыдыс жуатын жер астындағы қоқыс жанына да қоюға болмайды. Тек өсімдік майы емес, майдың өзге түрлерін де әдеттегі ыдыстар қоятын ас үй сөресінде сақтаған абзал.
Банан және цитрусты өсімдіктерді жумау
Банан не кивиді жер алдында жуу керек деген ой ешкімнің басына кіріп-шықпайды. Әдетте қабығынан тазартамыз да, бас салып жейміз. Бірақ тропикалық жемістердің қабығын ашқанда, бактерия түсетінін ескермейміз. Қауын-қарбыз жегенде кеспей тұрып сыртын жуған тәрізді банан, мандарин жемістерін де жер кезде сумен шайып алуды ұмытпаған абзал.
Етті микротолқынды пеште қыздыру
Манты, тұшпара секілді үйде күнделікті әзірлей бермейтін тағамдарды жерде мұздатқыштан шығарған етті асығыс-үсігіс қысқатолқынды пешке не суық суға салып жібіте саламыз. Бұл тәсіл тез әрі оңай болғанымен, еттің не балықтың дәмін жойып, нәрін құртады. Сол себепті ас даярлау алдында бірнеше сағат бұрын етті мұздатқыштан шығарып не тоңазытқыштың төменгі бөлігіне салып қойыңыз.