Көбіне ас үйде бір ғана пышақты бар тамақты турауға қолданып жатамыз. Нанды да, көкөністі де, етті де жүзін қайрап жіберіп, сол пышақпен тураймыз. Дегенмен пышақтың да түрлі қолданысқа арналған түрлері бар екенін біле жүргеніңіз абзал.
Суреттегі пышақ негізінен әмбебап пышақ болып саналады. Жүзі тіке не толқынды болады. Дегенмен бұл картоп турауға, жеміс-жидек кесуге арналған.
Нан турауға арналған пышақ. Жүзі ұзын, толқынды, ал басы тіке болып келеді. Қамыр кесуге арналған пышақпен ананас, қауын-қарбыз турауға да болады.
Бұл пышақ сырты қатты, іші жұмсақ жеміс-жидекті кесуге арналған. Мәселен қызанақты түрін бұзбай осы пышақпен кесе аласыз.
Қуырылған ет, балық сияқты тамақтарды осы пышақпен кеседі.
Бұндай да пышақ бар. Бұл арнайы көкөніс үшін шығарылған. Бұл пышақтың көмегімен жеміс-жидекті тез арада тазалап, аршып, кесуге болады.
Етті бөлуге арналған пышақ. Мал сойғаннан кейін балталап, бөлікке бөліп жатады. Дәл осы қызмет үшін мынадай пышақ ойлап табылған екен.
Дегенмен кәсіби аспаздар ас үйге үш қана пышақ жетеді дегенді айтады. Дәлірек айтсақ:
Үлкен (35-40 см) Орташа (30-35 см) Кіші пышақ (20-25 см)Таңдау өзіңізде!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: favoritedishes.ru, shkolazhizni.ru