- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ас үй құралдарының...
Ас үй құралдарының шығу тарихын білесіз бе?
Пышақ ас үй құралдарының ішіндегі ең көнесі. ХVІІІ ғасырдың аяғында Наполеон I шамадан тыс өткір ұшы бар ас үй пышақтарын жасауға тыйым салды және ұшы үшкір емес пышақтарды қолдануға бұйрық берді.
***
Алғашқы тәрелкелер 1498 жылы Францияда пайда болды. Олар үшбұрыш түрінде жасалған. Бұған дейін тәрелке орнына дөңгелек тақта қолданылған.
***
Алғашқы орамал-салфетка Испанияда ойлап табылды. Кейінірек, 1461 жылы ол Францияда Карл VII таққа отыруына орай ұйымдастырылған кеште дастарханға қойылды. Людовик XV тұсында орамалдар мен майлықтарды орнына қоюмен арнайы мамандар айналысты. Бұл өнерді меңгеру үшін олар бір жыл оқыды.
***
Алғашқы шанышқы Францияда ХVІ ғасырда Генрих III тұсында пайда болды. Оның заманауи шанышқыларға ұқсастығы аз еді – тұтқасы қысқа және тек бір-екі «тісі» ғана болды.
Т. Раушанұлы