Ас үй ханшайымдарына кеңес #8. Көкөніс рагуын жасау

Көкөніс рагуын дайындау жолын ұсынамыз.

Бізге:

- 4 кәді/баклажан;
- 2 кәдіш/кабачок;
- 7 қызанақ;
- 3 қияр;
- ½ сарымсақ;
- 2 ас қасық кептірілген орегано;
- 2 ас қасық райхан;
- 1 ас қасық бәйшешек;
- 50 грамм зәйтүн майы керек болады.

Дайындау жолы:

Духовканың қаңылтыр табасын дайындаймыз. Кәділерді, қияр мен қызанақтарды тазалап, куб етіп кесеміз. Сарымсақты арнайы езгішпен езу керек. Орегано, райхан мен бәйшешекті бір-бірімен араластырамыз. Үстіне зәйтүн майын құямыз. Мұның бәрін табаға салып, духовкаға орналастырамыз. Онда 20 минут тұруы керек. Содан соң табаны шығарып, компоненттерді араластырып, тұз қосып, қайтадан духовкаға саламыз. Отта 30 минут тұруы керек.

Ас болсын!

Ұқсас жазба:

Жартылай дайын тағамдарға қалай қарайсыз?

Ас үй ханшайымдарына кеңес #7