Ас үй ханшайымдарына арналған пайдалы кеңестер #2

Әйелдер үшін ас үй бөлмесі – ең көп уақыт өткізетін мекен. Жақындарымызға дәмді тағам жасау үшін және уақытты тиімді пайдалану үшін ас үй құпияларын біліп алу артықтық етпейді.

Басы

11. Брокколидің қанық түсін сақтау
Әдетте, брокколиді суға қайнатқан кезде оның әдемі түсі жоғалып, аздап ағарып кетеді. Оның қанық жасыл түсін сақтау үшін брокколиді суға қайнатқан соң салқын суға бір шайып алыңыз.

12. Нанды үгітпей турау
Үгілмелі нанды еш қиындықсыз турау үшін пышақ жүзін жылы суға сулап алыңыз. Сол кезде нан тілімдері тегіс әрі бүтін болады.

13. Шоколад глазурьді жылтырату
Торттағы глазурьге ыстық суға малынған силиконды қалақша арқылы тегіс жылтыр түр беруге болады.

14. Тұздың орнына лимон суын қолдану
Тамаққа қосатын тұз мөлшерін азайтқыңыз келсе, лимон суын қолданыңыз. Мысалы, көкөністі салаттарға тұздың орнына бірнеше тамшы лимон суын тамызыңыз. Оған қоса, лимон суы тамақ дәмін күшейтеді.

15. Бұқтырылған көкөністерді шырынды ету
Бұқтырылған көкөністер шырынды болып шығу үшін оларды бұқтырмас бұрын бірнеше минут суға қайнатып алған жөн.

16. Кілегей майын жұмсарту
Егер кенеттен жұмсақ кілегей майы керек болып, бірақ қол астында жаңа мұздатқыштан шыққан май ғана болса, оны жұмсартудың бір әдісін ұсынамыз: әйнек кесе немесе бокалды ыстық емес, жылы судың астында біраз ұстаңыз, содан соң онымен май бөлігін жауып қойыңыз.

17. Дәмдеуіштердің хош иісін күшейту
Кепкен дәмдеуіштердің хош иісін арттыру үшін оларды тамақ пісірердің алдында жылы табаға бірнеше секундқа қыздырып алу керек.

18. Черри қызанағын кесу
Бірден бірнеше черри қызанағын кесу керек болса, диаметрлері бірдей екі пластик қақпақ немесе бірдей екі тәрелке алыңыз. Оның біреуіне черри қызанақтарын қойып, бетін келесі ыдыспен жабыңыз. Ыдыстың үстінен қолыңызбен ұстап тұрып, ұзын өткір пышақпен жүріп өтіңіз.

19. Печеньенің жұмсақтығын сақтау
Егер печеньенің жұмсақтығын ұзағырақ сақтағыңыз келсе, оны алма бөліктерімен бірге ұстаңыз. Ыңғайлы болу үшін печеньені контейнерге салып, оның қасына алманың шағын бөлігін салып қоюға болады.

20. Жұмыртқа қабығын алу
Омлет дайындағанда немесе жұмыртқа қуырғанда оның қабығының кішкентай бөлігі табаға түсіп кетсе, оны алу үшін саусағыңызды сулаңыз. Сол кезде жұмыртқаның қабығы су қолға өзі жабысады.