- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ас үй ханшайымдарына...
Ас үй ханшайымдарына арналған бірнеше лайфхак
Әйелдердің көп уақыты ас үйде өтеді. Жақындарымызды дәмді әрі ерекше тағамдармен еркелету үшін ас үй құпияларын біліп алған артық етпейді. Ендеше, сізді күтпеген жағдайлардан құтқаратын бірнеше лайфхак ұсынамыз.
Сорпаның қайнағанын өткізіп алсаңыз, оны 1 стақан суық су құтқарады
Кез келген етті пісірген кезде оның қайнаған уақытын өткізіп алмау маңызды екенін барлық ас үй ханшайымдары біледі. Сондықтан тамақ пісіріп жүрген адам, әдетте, сорпаны қайта-қайта тексеріп жүреді: ол қайнаған бойда бетінде жиналған көбікті алып тастау керек. Сол кезде сорпа мөлдір болады. Бірақ басқа нәрсеге алаңдап жүргенде сорпа қайнап, ал бетіндегі көбік тарап, кейде ыдыстың шетіне жабысып қалады. Мұндай кезде сорпаға бір стақан салқын су құйып жіберсеңіз, ол сорпа қайтадан қайнап, көбік қайта жиналады. Сол кезде оны тазартып алуға болады.
Егер сорпаны қатты тұздап жіберсеңіз, оған картоп көмектеседі
Сүйікті сорпаңызды дайындағанда оны артық тұздап жіберетін кездер болады. Отбасы мүшелеріне ащы сорпа ұсынбас үшін бір картопты тазалап, оны тұтастай сорпаға салып жіберіңіз. Сорпа дайын болған кезде картопты алып тастаңыз.
Қуырылып жатқан ащы етті балғын қызанақтар құтқарады
Етті қуырып жатып, оған тұзды көп салып жіберуіңіз немесе ол сүр ет болуы мүмкін. Егер оның тұзы көп деп санасаңыз, бірнеше қызанақ турап салып жіберіңіз. Содан соң табаның отын басып, оны 20 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін қызанақтарды алып тастауға немесе ары қарай тамақ дайындай беруге болады.
Қуырып жатқан еттің майы көп болып кетсе, оған шикі сәбіз көмектеседі
Кейде етті қуыруға май көп құйылып кететін кездер болады. Мұндай уақытта қуырылып жатқан етке бірнеше шикі сәбізді турап салыңыз. Сәбіз сорғыш секілді барлық артық майды сіңіріп алады. Алайда кейін сәбізді тамақтан алып тастаған жөн. Себебі ол майлы болғандықтан тамақтан соң отбасы мүшелерінің асқазаны ауыруы мүмкін.