Ас үй гаджеті (gadget — аспап, құрал) — ас үй жағдайында белгілі бір қызметті орындауға арналған құрылғы. Гаджеттер шағын көлемімен ерекшеленеді, уақытты үнемді пайдалануға да мүмкіндік береді. Стандартқа сай құрал-сайман болып табылады. Термин алғашқы кезде тек электронды құрылғыларға ғана қатыстырылып айтылатын. Кейінірек, сөздің ыңғайлылығына байланысты пайдалану аясы кеңейді.
Анықтама:
Ыңғайлылығы. Гаджеттердің басты ерекшелігі салмағының аздығында. Ол 300 грамнан артық салмақты тартпайды, тіптен киім қалтасына сыйғызуға болады. Функционалдығы. Гаджет тек бір ғана қызметті атқара алады. Шектеулі мүмкіндіктер. Гаджеттердің көпшілігі басқа модульдермен бірігіп, басқа функцияларды атқара алмайды. Сонымен қатар, олар электрден тоқ көзін алып, зарядталатын құралдар сияқты «жанды» емес.Қазір ас үйге арналған гаджеттер зор сұранысқа ие. Өнетртапқыштар ас үй гаджеттерінің түр-түрін ойлап табуда. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз!
Сүзгіш. Ыстық сорпа ішінен көкөністерді сүзіп алуға өте ыңғайлы гаджет. Алдымен сүзгіштің екі жібін қазанның құлақтарына тартып қоясыз. Енді ет немесе көкөністерді қазанға салып, су құя беруге болады. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін, газды өшіріп, қазанның құлақшаларына тартылған жіпті шешіп аласыз. Сол кезде, сүзгішпен бірге сорпаға салынған ас та бірге шығады. Тағам ыстық сорпадан оңай сүзіліп алынады, қолыңыз күймейді.
Сақина-пышақ. Көкөніс тазартуға арналған пышақ. Қолыңызға киіп аласыз да, еш қиындықсыз қабықтарын аша бересіз. Пышақ ұстағандай, қолыңыз шаршамайды, саусағыңызбен тазалап жатқандай әсер аласыз.
Тор ыдыс. Көкөніс немесе жеміс-жидектерді жуумен қатар кептіруге арналған гаджет. Ыдысқа көкөністерді салып, жууға қойсаңыз болды, су тесіктерден ағып өтіп, көкөніс ыдыстың ішінде тұрып–ақ кеуіп кетеді.
Үккіш. Бұл сиқырлы үккіш қолды жарақаттап алудан сақтайды. Арнайы жасалған қорапшасына көкөнісіңізді салып, әрі–бері жылжытсаңыз, қолыңыз зардап шекпей, көкөніс те тегіс үгуден өтеді.
Қабық тазартуға арналған құрал. Бұл зат қазір кез келгеннің үйінен табылады. Көкөніс, жемістердің қабығын алуға арналған құрал. Тиімділігі сол, пышаққа қарағанда көкөніс қабығын тегіс ашып, қолды таза күйінде сақтайды. Балалар үшін де қауіпті емес, себебі кескіш тістері арнайы темір қабаттың астында тұр.
Трафареттер. Печенье жасайтын аспаздар үшін бұл құрал өте пайдалы. Печеньеге арналған қамырды илеп болғаннан кейін, үстінен трафаретті басып жіберсеңіз болғаны, печеньелер ерекше формаға келеді. Ерекше үлгідегі печеньелер дастарханның сәнін келтіреді.
Жүгері тергіш құрал. Жүгері дәндерін теру көп уақытты алады. Мына гаджет уақыт үнемдеуге және бірде-бір жүгері дәнін қалдырмай теруге көмектеседі. Оны жүгерінің үстіне қойып, тетігін басып, жоғары-төмен қозғалтасыз. Құрал майда дәндердің бірін қалдырмай теріп алады.
(жалғасы бар...)
суреттер zdorovieinfo.ru сайтынан