Арықтауға көмектесетін салат

Күнде бір тағам жасаудан мезі болдыңыз ба? Онда 15 минутта жасалатын дәмді салатты жасап үйреніңіз.

Корей халқының тағамдарының бірі – жаңа піскен қияр мен кинзадан жасалған салат.

Бізге:

4 жаңа піскен қияр
200 грамм кинза
¼ байлам көк пияз
4 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш
1 шай қасық сірке
тұз, құмшекер керек болады.

Қиярды жұқалау етіп кесіп, кинзаны ұнтақтап тураңыз. Барлығын табаққа салып қойыңыз. Көк пияз бен сарымсақты ұнтақтап кесіп, қара бұрыш, тұз бен құмшекер қосыңыз.

Қиярды дайын тұрған дәмдеуіштеріңізбен тұздап, сірке құйып, араластырыңыз. Қиярдың шырыны шығып кетпейінше бірден дастарқанға қойыңыз.

Тағам тым ащы болмауы үшін 1-2 шай қасық бұрыш салуға кеңес береміз.

Кинза - арықтағысы келетін жандарға көмекші болатын өсімдіктің бірі. Себебі ол ағзадан шлактарды шығарып, асқазан жұмысын қалыпқа келтіреді. Оның құрамында минералдар мен дәрумендер көп. Шығыс медицинасы кинзаны қан тамырларын қатайту үшін қолдануға кеңес береді.

Сурет: gotovim.ru