Арықтау үшін мына сусындарды ішу керек

Арықтау үшін мына сусындарды ішу керек
Фото: plus.google.com

Артық салмақтан арылу үшін дұрыс тамақтану керек екенін айтқан едік. Енді назарларыңызға денсаулыққа пайдалы әрі арықтататын сусындардың дайындалу жолын ұсынамыз.

Гидромель

1 стақан жылы суға 1 шай қасық бал мен 2 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Бұл сусынды күніне үш рет тамақтану алдында ішу керек. Оның құрамындағы С дәрумені ағзадағы қоқысты шығарып, иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Сұлы киселі

Бұл сусын зат алмасу үдерісі мен иммунитетті жақсартады. Ол үшін 200 гр сұлыны 3 литрлік банкаға салып, жарты стақан айран, 1 ас қасық қаймақ пен 1,5 литр су құйыңыз. Ыдысты дәкемен қымтап жауып, жылы суға ашытуға қойыңыз. Содан соң сусынды сүзіп алып, кәстрөлге құйып, газға қойып, қайнатыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда жарты стақаннан ішіп отырыңыз.

Бал-даршын сусыны

Бұл сусын ағзаны тазартып, ас қорыту қызметін тездетеді. Оны дайындау үшін жарты қасық даршынға 200 мл су құйыңыз. Оны 1 шай қасық балмен араластырып, 2 сағатқа тоңазытқышқа салыңыз. Таңертең аш қарынға және түнде ұйықтар алдына ішіп тұрыңыз.

Ф. Абилова