Адамдар артық салмақтан арылғысы келіп, әртүрлі диетаны ұстайды. Алайда басым көпшілігі денсаулығын құртып, көптеген ауруға шалдығып жатады. Сол себепті біз сіздерге арықтауға арналған салат түрін ұсынып отырмыз. Ол өте қарапайым әрі тез дайындалады.
Ол үшін:
- 250 грамм асқабақты тазалап, уақтап тураңыз
- 1 апельсинді кішкентай бөліктерге бөліңіз
- 1/2 лимонды бөліктерге бөліп кесіңіз
- 30 грамм ақжелкекті үккіштен өткізіңіз
- 1 ас қасық бал қосыңыз.
Бұл салатты түскі астан кейін қосымша жеңіл тамақ ретінде де жеуге болады. Ол зат алмасу процесін жеделдетіп, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар аяқтың ісінуінің алдын алады. 10 күн сайын үзіліс жасап тұрсаңыз болады.