- Негізгі бет
- Аспаздық
- Арпа, бидай ас...
Арпа, бидай ас екен..
«Арпа» деп аталатын арзан әрі пайдалы дақылдан бас тартпаған жөн. Себебі арпаның құрамында «лизин» деп аталатын амин-қышқылы бар. Бұл терінің тығыздығының тегістігін сақтауға, яғни әжімнің алдын алуға әсер етеді. Сондықтан, ғалымдар арпаны «жастықтың дақылы» деп атайтын көрінеді.
Лизиннің бірқатар вирустарға қарсы күресе алатын күші бар және ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіруге де көмектеседі. Қазір түрллі аллергиялық аурулардан зардап шегушілердің қатары өте көп. Ал арпаны күнделікті тағам ретінде пайдаланған жағдайда аллергиялық дерттерге ұшыраудан аулақ боласыз.
Арпаның құрамында бактерияға қарсы тұратын «гордецин» деп аталатын зат бар. Ал ең басты есте сақтайтын жәйт – арпа дәні дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Оның құрамындағы В дәрумені – жүйке жүйесінің жұмысына, шаш пен терінің әсемдігіне зор әсерін тигізеді. Ал А дәрумені тобы көздің көру қабілетін жақсартады. Д дәрумендер тобы сүйек пен тістің мықтылығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы арпаның құрамындағы Е дәрумені тобының жасөспірім балалардың ағзаларының дұрыс жетілуі үшін пайдасы зор.
Оның құрамынан калий, кальций, темір, мырыш, йод табылған. Ал құрамындағы фосфор ағзадағы зат алмасу процесінің, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін реттеп, бүйрек ауруларын емдеуге бірден-бір көмекші болады.
Денеңіз сымбатты әрі сұлу болсын десеңіз немесе артық салмақтан арылғыңыз келсе, арпаның көмегіне жүгініңіз.
Жоғарыдағы деректерге қарап, арпаны ағза үшін аса қажет микроэлементтер қоймасы деп санауымызға болады. Не айтса да қалт айтпайтын дана қазақ «Арпа бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» дейді.
Суреттер:assalam.ru,ru.all.biz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева