Әр елдің ұлттық тағамдары олардың мәдениетінен көрініс береді. Мысалы біздің қазақты бешбармақсыз, өзбектерді палаусыз, грузиндерді хачапурисіз елестету мүмкін емес. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға әр елдің ұлттық тағамдарын ұсынғалы отырмыз.
Хорватия: паг ірімшігі
Бұл әйгілі ірімшікті Паг аралында саулық сүтінен дайныдайды.
Италия: пицца
Классикалық пицца өте жұқа қамырдан әзірленеді. Оның ішіне қызанақ, моцарелла және түрлі ет тағамын салады.
Қытай: сяо лонг бао
Бұл – сорпада қалқып жүретін тұшпаралар. Оның пішіні хинкалиді еске түсіреді. Алайда оны әртүрлі сұрыптағы етпен бамбук себетіне дайындайды.
Үндістан: тандури тауығы
Бұл тағам йогурт пен дәмдеуіште маринадталған тауық еттерінің бөлігінен тұрады. Тандури тауығын көбіне үлкен саз балшықтан жасалған пеште дайындайды.
Канада: путин
Путин калорияға өте бай тағам. Оның құрамында фри картоптары, ірімшік және арнайы әзірленген соус бар.
Аргентина: асадо
Бұл тағамды шоққа пісіріп, оған нан, салат, чимичурри соусы және қызыл шарап қосып ішеді.
Австралия: бәліш-қалтқы
Бұл – еттен жасалған бәліш. Қалтқы деп аталу себебі қалың асбұршақ сорпасы бар тәрелкеде қалқып тұрады.
Грузия: хачапури
Ішінде ірімшігі немесе жұмыртқасы болатын бұл шелпекті бәріңіз білетін шығарсыздар.
Голландия: майшабақ
Голландиялықтар майшабақты бөлкемен және уақтап туралған жуамен жегенді жақсы көреді.
Жапония: кацудон
Бұл – жұмыртқа қосылған жаншылған шошқа еті. Оның үстіне күріш салады.
Сурет: takprosto.cc, astana-bilim.kz