Қыздар үйге келе жатып "бүгін не пісірсем екен" деп мың ойға батары анық. «Үйде не бар еді өзі?» деп, тоңазытқыштағы азық-түлікті ойша түгендейміз. Бұл әдетті өзгерту үшін бір аптағы мәзіріңізді жоспарлаған дұрыс секілді.
Дастарханға қойылатын тағамдарды, ыстық тамақты ойластырып, жоспар құру үшін көп нәрсе керек емес. Тек парақ, қалам, мәзір кітабыңыз және 1 сағат уақытыңыз болса, болғаны.
Бұл әдіс сізге көмек болары сөзсіз. Біріншіден, бір тамақты қайта-қайта пісірмей, өзіңізге жаңалық ашуға мүмкіндік туады. Екіншіден, отбасы мүшелерінің ағзасына әртүрлі пайдалы дәруменді жеткізіп отырасыз. Бір аптада кешкі асқа үнемі картоп пен макарон өнімдерін жеу зиян. Асқазанға жаңалық енгізіп тұру керек. Жоспар құрған соң, керекті азық-түліктің тізімін жазып, жексенбі күні дүкенге барып, керек-жарағыңызды алсаңыз болады.
Сусындарды сатып алып көп шығынға ұшырасаңыз, кепкен алма, кисель шәрбаты секілді шырындарды да ішіп тұрған жөн. Балық, ет, вегетариандық тағамдарды кезек-кезек даяралаған абзал. Олай болса, мәзір-жоспарымызды дайындап көрейік.
Дүйсенбі: балықтан жасалған тамақ, алма компоты;
Сейсенбі: вегетриандық тағам: бұршақ сорпасы, көкөніс салаты, қызынақ шырыны;
Сәрсенбі: сиыр етінен жасалған сорпа, кисель шәрбаты;
Бейсенбі: пеште піскен тауық еті, лимон шырыны;
Жұма: вегетриандық тағам: үрме бұршақ сорпасы, көкөніс салаты, қызынақ шырыны;
Сенбі: қуырдақ;
Жексенбі: ет қосылған бәліш.
Міне, осы іспеттес жоспар құрып қойсаңыз, өзіңізге де ыңғайлы болуы мүмкін. Бұған қалай қарайсыз?