Алып қызанақ ағашын өсіргіңіз келе ме?

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғаламтор беттерінде F1 Сегізаяқ қызанақ ағашының суреті пайда болған еді. Ол нағыз сегізаяқ ретінде барлық жылыжайдың бөлігінде жайғасқан. Дәл осы суретті көрген бағбандар бұл өңделген сурет пе, әлде, расымен де, осылай өсіруге бола ма? Фантастика ма, әлде агротехниканың мүмкіндіктері ме деген ойға қалды. Бір қызығы F1 Сегізаяқ қызанақ ағашын кез келген бағбан өсіре алады екен. Алайда бір шарт бар. Яғни дәл осындай алып ағашты өсіру үшін үздіксіз күтім мен жыл он екі ай жылу керек. Бұлай жасамаған жағдайда томат жасауға ғана жаралық өсімдікті өсіресіз.

Оны кез келген жылыжайда өсіре беруге болады. Бір немесе бір жарым жылдың ішінде бойы 5 метрге жетеді. Нәтижесінде салмағы 1,5 тонна болатын, 100 000 қызанақ теріп алуға болады.

Алғашқы 8 айдың ішіне жылыжайда орналасқан қызанақ ұрығы ағаш секілді өсіп, көкөніс бермейді. Ал қалған уақыттың барлығында ұрықтанады.


Суреттегі тәжірибені қайталап, F1 Сегізаяқ қызанақ ағашын өсіріп көремін деушілерге бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Қызынақ ұрығын әдеттегіден ерте сеуіп, қараңғы түскен кезде де жасанды жарықпен қамтамасыз етіңіз.

2. Ағаш жылдам өсу үшін отырғызған кезде будандастыру қажет.

3. Сегізаяқ өте күшті өсімдік болғандықтан, 3,5 метрге дейін өседі. Оны тым көп мөлшерде отырғызудың қажеті жоқ. 

4. Оны алдын ала дайындалған 30х50х130 схемасына сәйкес отырғызыңыз.

5. Жақсылап тамақтандыруға дайындалыңыз. Қажетті азықты тамырына енгізесіз. Аталған азықтың құрамында 200 грамм азот қышқылы, 500 грамм азот қышқылды калий, 550 грамм қарапайым суперфосфат, 9 грам лимон қышқылды темір, 3 грамм бор қышқылы және т.б. болуы тиіс.

6. Қызанақтың сегізаяқ сорты түрлі ауруға тез шалдығатындықтан, оны үнемі тексеріп тұру керек.

7. Түбіндегі сарғайған өсімдіктерді жұлып тұруды ұмытпаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен