Алматы күнінің тойлануына байланысты әр алматылық ару алма бәлішін пісіруді үйрене алады.
14 қыркүйекте сағат 1100-2000 аралығында Абай атындағы опера және балет театрының алдында «Compote» аспаздық фестивалі өтеді. Бұл жерде Алматы қаласының ең мықты аспаздары дегустациялар мен гастрономиялық дәрістер өткізетін болады. Аспаздық блогшылар, бартендерлер (бар ісінің мамандары, бармендер) өз шеберлігін көрсетеді. Дұрыс тамақтану сабақтары, ересектер мен балаларға арналған бөлек сабақтар, фуд-маркет: тәтті бәліштер мен сырлар; аспаздық кітаптары, ыдыс-аяқ сатылымы; ашық ауадағы мейрамхана, дастарханды безендіру бұрыштары болады. Сондай-ақ қонақтардың көңілін көтеру үшін музыка, үстел ойындары, балалар алаңы болады.
Ал жексенбі, 15 қыркүйек күні 1000-1800 аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында Бразилия, Перу, Испанияның ең мықты деген аспаздары тегін сабақтар өткізеді. Бағдарламада таңғы ас мәзірі, алма бәліші мен алма десерттерін пісірудің 8 сабағы болады. Ересектерге карамельдегі алма жасап үйретсе, бүлдіршіндерге зімбір печеньесі мен алма десерттерін әзірлеуді үйретеді.
Сіз де осындай аспаздық сабақтарынан құр қалмай, Алматы күнінде отбасыңызға керемет алма бәлішін пісіріп беріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: lama.kz