Алматы күні: Аспаздық фестивалі

Кеше, 14 қыркүйек күні Алматыда қала күні тойлану барысында Абай атындағы опера және балет театрының алдында «Compote» аспаздық фестивалі өтті. Гастрономилық сабақтар, дегустациялар мен ең сапалы азық-түліктердің сатылымынан репортажды тамашалаңыздар.

Бұл азпаздық мерекесі «Compote» студиясының 1 жылдығы мен Алматы күніне арналып ұйымдастырылған. 

Фестивальдің бір бөлігінде танымал және ерекше азық-түлік түрлерін ұсынған компаниялардан құралған фуд-маркет орын алды. Олардың арасында Қазақстанда жасалынатын моцарелла, ризотта сырларын, кофенің ерекше түрлері мен дайындау әдістеріy, шайдың жүздеген түрлерін, толықтай табиғи зәйтүн майлары мен жемістерін, тәтті нандар мен бәліштер ұсынған компаниялар болды. Кейбіреулері қонақтарды тегін дәм татуға мүмккіндік берсе, басқалары сатылым ұйымдастырды. 

Фуд маркетте ерекше көңілді аударған бұрыш аспаздыққа байланысты кітаптар бөлімі болды. Бұл жерде әлемдік танымал аспаздардың да, қазақстандық аспаздардың да кітаптары болды. 

Арнайы ұйымдастырылған аспаздық сабақтарында танымал аспаздар Жиль Шоплен, Джорджио Палацци, Демури Каделия, Градемир Митич, Роман Дубницкий есімді қазақстандық танымал мейрамханалардың аспаздары түрлі дәстүрлі емес тағамдарды қолжетімді азық-түліктерден жасауды үйретті. 

Джорджио Палацци әзірлеген "Кростинилер" тағамы жиналған қонақтардың көңілінен шықты. Фестиваль қонақтары тағамдардың мәзірін жазып алып, аспазға өз сұрақтарын қоя алды. 


Қонақтар ас үй гаджеттерінің жұмысын да бағалай алды. Мультиварка мен пароварка көмегімен "Оливье" салаты мен палау дайындалды.

Бұл жерде сондай-ақ қонақтардың көңілін көтеру үшін музыка, үстел ойындары, балалар алаңы болды.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова