- Негізгі бет
- Аспаздық
- Алманың сіз күтпеген...
Алманың сіз күтпеген ерекше қасиеттері
Керемет дәм иесі, баршамыздың сүйікті жемісіміз алма жайлы бәрін білемін деп ойлайсыз ба? Оның ерекше қасиеттерімен таныс болыңыздар.
Алма тыныс жолдары үшін пайдалы
Ғалымдардың айтуынша, жүктілік кезінде алманы күнделікті жеген әйелдердің балалары астма сияқты тыныс жолдар ауруларына азырақ шалдығады екен. Алма сондай-ақ ересек адамдардағы тыныс жолдары ауруларының алдын алады.
Алма ағзаға баяу сіңеді
Сол себепті алманы мұқият шайнап, баяу жеген дұрыс. Бір алманы жеп тойған кездеріңіз болды ма? Бұл оның жеңіл жеміс екеніне емес, тек баяу меңгерілетініне байланысты. Алмадағы тәтті заттар қанға сіңгенде, құрамындағы инсулин мен қанттың шамасы өзгеріп, тойымдылық сезімі пайда болады. Сондықтан қарын қатты ашқан кездері алма жеп, шамалы уақыт басқа ештеңе жемей жүре тұрыңыз, біраздан кейін аштық сезімі кетеді.
Алма холестериннің шамасын азайтады
Құрамындағы екі зат пектин (клетчатка түрі) мен полифенол (мықты антиоксидант) арқасында алма қандағы холестерин шамасын азайтып, оның қышқылдануын тоқтатады. Айта кетсек, бұл мақсатта алманың өзі емес, қабығы әлдеқайда пайдалы.
Алма қатерлі ісіктен сақтайды
Зерттеулер бұл жемістің кейбір компонеттері қатерлі ісікке әкелетін жасушалардың пайда болуынан сақтайтынын дәлелдеді. Бұл үшін де алманы қабығымен бірге жеген жөн.
Алма ми жұмысын жақсартады
Алма жеу жүйке жасушалары арасында импульс өткізуші ацетилхолин атты химиялық заттың көптеп пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ алма есте сақтау қасиетін әлдеқайда жақсартып, тіпті Альцгеймер ауруынан сақтай алады екен.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blogspot.com
С. А