- Негізгі бет
- Аспаздық
- Алманы дұрыс жуып...
Алманы дұрыс жуып жүрсіз бе?
Дүкеннен сатып алынған алманы жер алдында жақсылап жуу керек. Алмадағы пестицидтерді (өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препарат) жою қажет. Сүйікті алмаңыздағы зиянды пестицидтерден қалай құтылуға болады?
Алмадағы пестицидтерді жоятын ингредиент әр ас үйден табылатын – ас содасы. Жаңа зерттеу бойынша, бір мәселені ғана шешіп қоймайтын бұл құрал жемістер мен көкөністерді пестицидтерден тазартуға да көмектеседі екен.
Массачусетс Университетінің зерттеушілері алма сыртындағы пестицидтерді дүкенде сатылатын арнайы жуғыш құралдар мен үйде дайындалған құралдармен салыстырып, қайсысы көп пестицид жоятынын зерттеген. Олар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік құптаған жеміс-жидекті жууға арналған құралдарға қарағанда ас содасы көбірек пестицид жоятынын анықтаған.
Зерттеу нәтижесі бойынша, ас содасының 1%-дық ерітіндісінде 12-15 минут шамасында жуылған алмалар құрамында тиабендазол фунгицидінің қалдығы 80%-ға, ал фосмет инсекциді 96%-ға қысқартылған. Бұл химиялық заттар ас содасының әсеріне жылдам бұзылып, жеңіл жуылады екен. Алайда ас содасымен жуғанның өзінде алма ішіне өтіп кеткен кей пестицидтер сақталып қалған.
Тәжірибе көрсеткендей, алмаларды ас содасы ерітіндісіне жуу арқылы алма қабығындағы пестицидтерді жоюға болады. Соның себебінен олардың адам денсаулығына тигізетін қаупін төмендетуге болады. Егер пестицидтерден толықтай құтылғыңыз келсе, алманың қабығын аршыған жөн. Бірақ бұл кезде пестицидтермен қоса алма қабығында болатын пайдалы биологиялық заттар да алынып кетеді.
А. Жапатова