- Негізгі бет
- Аспаздық
- Алмадан жасалған раушан...
Алмадан жасалған раушан гүлі (видео)
Егер шақырған қонағыңызға көзтартарлық десерт дайындау керек болса, төмендегі рецепті ұсынамыз. Ол үшін бас аспазшы болудың қажеті жоқ. Бұл сіздің көп уақытыңызды алмайды әрі жасалу жолы қарапайым. Оған 2 қызыл алма, жарты лимон шырыны, 3 ас қасық өрік джемі, 2 ас қасық су, даршын және қатпарлы қамыр керек.
Алманы жұқалап турап, лимон шырынына салып, қысқа толқынды пешке 3 минутқа қойыңыз. Сосын өрік джеміне араластырасыз, алайда бұл жолы қысқа толқынды пешке 1 минутқа қойсаңыз да жетеді. Кейін қатпарлы қамырды жазып, бөлік-бөлікке кесіп, оған джем жағыңыз. Содан соң қамырға алмаларды қойып, үстіне даршын сеуіп, орыңыз. Барлығы дайын болғасын кекс пісіруге арналған арнайы ыдысқа салып, 180 градус температурадағы пешке 45 минутқа салыңыз. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар.
Бұл раушандарды алмадан жасалды дегенге ешкім сене қоймас. Қонақтарыңызды таң қалдырыңыз. Ас болсын!
Сурет: www.boredpanda.com
Ж. Исакаев