Аспаздық өнердің жұлдызы Джейми Оливер кітабында асханаға арналған мынадай лайфхактармен бөліседі. Түртіп алыңыз, мүмкін сізге де кәдеңізге жарап қалар.
• Котлет жасап жатқан кезде қолыңызды қайта-қайта сулап отырыңыз. Сонда шикі ет алақаныңызға жабыспайды.
• Егер лаймды қыздырсаңыз, шырыны көбірек шығады.
• Аскөктердің шырыны мен иісі жақсы шығуы үшін оны үккішпен езіп, үстіне зәйтүн (оливка) майын құйыңыз.
• Салатқа өріктің дәнін қоссаңыз, амаретто сусынының дәмін береді.
• Цукиниді қуырар алдында езіп алған дұрыс.
• Баклажан буда бірнеше минутта пісіп үлгереді.
• Салатқа қосатын картопты ыстықтай тураған жөн.
• Етті қуырғанда бір ас қасық ұн сеуіп жіберсеңіз, етіңіз қытырлақ боп шығады.
• Балықты пісіргенде табаға май құюдың қажеті жоқ, балықтың өзін табаның бетіне жағып шықсаңыз болады.
• Картопқа аскөк араластырар болсаңыз, тура дастарқанға қояр алдында салыңыз.
• Макаронды сүлгіге орап алсаңыз, оңай сындыруға болады.
• Чили бұрышының ащылығын азайтқыңыз келсе, оны көп мөлшердегі суға салып, алдымен тұқымынан тазартып алыңыз.
• Балық пісіретін ыдысқа жабыспауы үшін оны алдымен тұздап қойыңыз, сонда тұз ылғалдығын сорып алады.