- Негізгі бет
- Аспаздық
- Әлемдегі ең танымал...
Әлемдегі ең танымал сусын
Сарапшылардың пайымдаулары бойынша, күн сайын әлем бойынша 2 миллиард шыны аяқ шәй ішіледі екен. Сірә, сол 2 миллиардтың ішінде шәй ішіп отырып әңгіме айтқанды ұнататын қазекеңдер де бар болар...
Осыдан біршама уақыт бұрын жүргізілген екінші бір зерттеу бұл көрсеткішті 3 миллиардтан асырған.
Шәйдан кофе де қалыс қалмайды. Оның да көрсеткіші – 2 миллиард шынаяқ. Алайда, кофе ыдысының әлдеқайда кіші болатындығы ескеріліп, "бас жүлде" шәйға берілді. Және абсолютті арасалмақ тұрғысынан да шәйдің танымалдылығы әлдеқайда жоғары.
Әңгімеге арқау болып отырған кереметтей сусынның құндылықтары туралы Уильям Гладстон есімді шетелдік азамат былай деген екен: "Сіз тоңдыңыз ба, шәй сізді жылытады, сіз ыстықтадыңыз ба, шәй сізді сергітеді, сіздің көңіліңіз түсті ме, шәй сізді жұбатады, сіз ашулысыз ба, шәй сізді тыныштандырады". Расымен де, шәй туралы мұнан артық айту мүмкін емес секілді...
Айтыңызшы, сіз күніне қанша шыны аяқ шәй ішесіз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
"Шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен..."
"Әуелі шәй ұсын, құя алсаң – жетеді"
Сурет: byaki.net