- Негізгі бет
- Аспаздық
- Әлемдегі ең қымбат...
Әлемдегі ең қымбат тағамдар
Бүгінде ғаламтор бетін ашсақ «ЕҢ! ЕҢ! ЕҢ!» деген сөзді көп кездестіреміз. Бірі қымбат көліктерді, бірі қонақ үйлер мен мейрамханаларды айтып жатады. Ал біз бүгін әлемдегі ең қымбат тағамдарға тоқталғымыз келіп отыр. Әлемде өте әйгілі әрі дәулетті адамдардың өзінің қалтасы көтере бермейтін тағам түрлері бар екен. Назар аударыңыздар!
Бұл корольдік Юбари қауыны Жапониядағы ең қымбат тағам болып есептеледі. Мұндай дәмді жемістің бағасы 26000 долларды құрайды.
Ең қымбат тағамдардың қатарында фаст-фуд болады деп ойламаған шығарсыз. Бірақ бұл бургерді Лас-Вегастағы Fleur de Lys мейрамханасынан ала аласыз. Бағасы 5000 доллар. Сиыр еті қосылған бұл тағамның дәмі тіл үйіреді.
Бұл таңғажайып тағамның авторы фелиппиндік бас аспазшы Ангелито Аранета. Бір бөлігінде 4 роллы болады. Бағасы $2750 тұрады.
Бұл әлемдегі ең қымбат десертті Жаңа Орлеандағы Арно мейрамханасынан кездестіре аламыз. Бағасы шамамен 1400000 доллар. Десертті Эрнест Кесселдің коллекциясындағы бриллиантпен әдемілеп қояды екен.
Бұл пиццаның атауы «Royale 007». Атақты бас аспазшы Доменико Королланың тағамы. Пиццаны Доменико 4200 долларға сатқан. Құрамына уылдырық, томат соусы, уксус қосылған. Ал үстінен алтынмен әдемілеп қойған.
Сурет: kushaem-vkusno.com
Ж. Исакаев