Таңертең ұйқыны ашу үшін ішілген әдеттегі кофе еш әсер етпейтін адамдарды "Death Wish Coffee" кофесімен таныстырамыз. Өндіруші компанияның мәлімдеуінше, аталған кофедегі кофеин мөлшері әдеттегі кофелерден екі көп екен.
"Death Wish Coffee" кофесін жасап шығарушылары құрамында өте көп кофеині мен әдеттегі кофелермен салыстырғанда екі есе күш қуаты бар бұршақтарды тауып алғандарын және кофе дәндерінің органикалық түрде өсірілгені мен ащы дәмге жету мақсатында орта деңгейде қуырылғанын айтады.
"Бұл әдеттегі таңертеңгілік кофе емес. Және ол дүкеннен сатып алу немесе мейрамханада тапсырыс беруге болатын кофелердің қатарынан емес. Бұл экстремалды кофе және ол тек батылдарға ғана арналған. Осы сөздерді бір жағынан ескерту деп те қабылдаңыздар", - дейді өндірушілер.
Аталған кофе, әрине, арзан емес. Оның 450 граммдық бір ормасы шамамен 3000 теңге тұрады. Егер сізге оның қоюлығы айтарлықтай болп көрінбесе, компания 60 күн ішінде кофеге жұмсаған ақшаңызды қайтаруға кепілдік береді.
Осы бір ерекше кофенің дәмін татқан адамдар кофенің күн бойына қуат беретіндігін айтады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mirfactov.com