- Негізгі бет
- Аспаздық
- Әлемдегі ең дәмді...
Әлемдегі ең дәмді 10 ірімшік
Біз бұған дейін сіздерге ірімшік туралы аз әңгіме айтқан жоқпыз. Ұсынылған кеңестер арқылы қонақтарға арналған дастарқанға ірімшік қоюды және сапалы ірімшік таңдауды үйрете алдық деп ойлаймыз. Бүгін күллі әлем мойындаған ең сапалы, ең мықты, ең дәмді ірімшіктерді таныстырмақпыз. Мұны әрбір қыз баласы, әрбір үй шаруасындағы әйел, керек десеңіз әрбір заманауи адам білу керек.
№1. Пармезан – қатты, сынғыш, дәмі ащы келеді. Оны жұқа кесінділерге бөлу керек. Және алмұрт, грек жаңғақтары қосылған түрлері шығарылады. Көбіне пастаға, ризоттаға, омлетке қосып жатады. Орташа есеппен 100 грамда 392 Ккал. бар.
№2. Бри – ертеден келе жатқан француз ірімшігі. Кейде патшалар ірімшігі деп атап жатады. Дәмі қанша уақыт жетілгендігіне байланысты. Жеміс қосылған бри ең жақсысы деуге болады (саңырауқұлақ қосылғаны да бар). Орташа есеппен 100 грамында 330 Ккал. бар.
№3. Камбоцола (Cambozola) – сиыр өнімдерінен жасалған зеңді неміс ірімшігі. Өндірушілер француздық жұмсақ ірімшік пен итальяндық Горгорцоланы біріктіре білген. Дәмі камамбермен ұқсас болғанымен, әлдеқайда қанық әрі ащы болып келеді. Бұл ірімшіктің жанына қауын, жүзім, алмұрт секілді жеміс-жидектерді қойған дұрыс. Иісі де ерекше. Орташа есеппен 100 грам ірімшікті 427 Ккал. бар.
№4. Маскарпоне – итальяндық кілегей ірімшік. Дәмге бай, йогуртқа, қаймаққа ұқсас келеді. Орташа есеппен 100 грамында 456 Ккал бар.
№5. Камамбер – сиыр сүтінен жасалған жұмсақ ірімшік. Бри мен камамбер ұқсас болғанымен, алғашқысы майлы болады. Орташа есеппен 100 грамда 330 Ккал бар.
№6. Дор блю – немістің көгілдір ірімшігі. Оны жаңғақпен немесе жүзіммен жеген дұрыс. Егер дастарқанда ірімшіктің бірнеше сорты тұрған болса, мұны ең соңына қалдырғаныңыз жақсы болады. Орташа есеппен 100 грамында 354 Ккал бар.
№7. Горгондзола (Gorgonzola) — өткір дәмімен ерекшеленетін аса танымал итальяндық ірімшік. Жеңіл, нәзік жаңғақ иісі шығатын өнімнің дәмі өте тәтті болады. Орташа есеппен 100 грамында 250 Ккал бар.
№8. Моцарелла – енеке (сиыр тұқымдас күйіс қайтаратын жануар) деп аталатын жануардың сүтінен жасалады. Қызанақпен, райханмен, зәйтүн майымен жақсы сәйкеседі. Аздаған қара бұрыш қоссаңыз да болады. Орташа есеппен 100 грамында 250 Ккал бар.
№9 Рокфор – француздық танымал зеңді (с плесенью) ірімшік. Оны көбіне Cahors, Sauternes, Porto шараптарымен қойып жатады. Орташа есеппен 100 грамында 335 Ккал бар.
№10. Тет-де-Муан – швейцарлық ірімшіктердің төресі. Француз тілінен аударғанда "монахтың басы" деген мағынаны білдіреді екен. Ол жаз айларында сауылған сиыр сүтінен жасалады және үш ай бойы жетіледі. Өткір иісі мен дәмі көптің көңілін жаулап алып жүр. Орташа есеппен 100 грамында 410 Ккал бар.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com