Өз алдына жұмысқа қабілеттілікті арттыратын, көңіл күйге әсер ететін таңғы ас бойға сіңер ең қажетті тамақтану уақыты болып табылады. Осы ретте әлем елдерінің таңғы астары бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын айта кеткіміз келеді.
Аустралия: салқын сүт пен жүгері қауызы.
Қытай: таңғы асы әр аймақтың салтына байланысты қойылады. Барлығы бірдей жақсы көретін "дим-сим" аталып кеткен пельмен бар.
Бразилия: ветчина, ірімшік, нан және сүт қосылған кофе
Колумбия: сүт, көк жуа мен жұмыртқа пайдаланылатын чангуа сорпасы. Бұл елде аталған асты "байлардың асы" деп санайды.
Куба: сүт қосылған кофе мен тостада – майға қуырылған нан тілімдері. Және бұл елдің әдеті: нанды кофеге салып жеу.
Англия: қуырылған жұмыртқа, бекон, бадана (фасоль) және саңырауқұлақ.
Франция: круассан және кофе
Германия: мұздатылған ет, шұжық (колбаса), жергілікті ірімшік пен табадан жаңа шыққан нан.
Үндістан: идли жұқа наны – оңтүстік өңірдің дәстүрлі асы. Оның құрамы: қара жасымық (чечевица), күріш, жергілікті дәмдеуіштер.
Италия: печенье және капучино
Жапония : мисо сорпасы, күріш (ыстық буда дайындайды).
Марокко: джеммен, ірімшікпен немесе маймен бутерброд
Нигерия: әртүрлі ұлыстар мекен ететіндіктен, дәстүрлі таңғы астары да әртүрлі. Бірақ, бәріне үйреншікті бір ас бар. Ол – мои-мои (ыстық буда дайындалған және жапыраққа оралған жасымық (фасоль).
Португалия: нан мен салындыдан (начинка), джем мен ірімшіктен круассан және кофе.
Туркия: нан, ірімшік, май, жұмыртқа, қызанақ, қияр, джем, бал мен қаймақ. Және де дәстүрлі "суджук" – түріктің қуатты шұжығы мен қою қызыл шайы.
Америка Құрама Штаттары: әр жерде әртүрлі, бірақ та дәстүрлі таңғы астарына жұмыртқа, қалың құймақша (блинчик), сүрсүбе (бекон), жүгері қауызы жатады.
сурет:businessinsider.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек