- Негізгі бет
- Аспаздық
- "Ақылсыз алма"...
"Ақылсыз алма"
Баклажанмен ең алғаш болып танысқан аты аңызға айналған Александр Македонскийдің сарбаздары екен. Олар б.з.д. 331-325 жылдар аралығында болған парсы-үнді соғысы барысында Үнді жерінде кең тараған осы көкөністі көріп таң-тамаша болады да, өздерімен бірге алып кетеді. Яғни, баклажанның отаны – Үндістан болып саналады.
Баклажан б.з.д. 711 жылдардан бастап еуропалықтардың асқазандарын жаулап ала бастады. Ал гректер мен римдіктер жабайы баклажандарды аса ұната қоймаған. Олар баклажаннан жасалған тағамдар адамды құтыршақ, ақылсыз етеді деп санап, оған «ақылсыз алма» деген ат таққан.
Баклажанның құрамында В, В1, В2, B6, B9, С, Р,РР дәрумендері, ақуыз, көмірсутек, темір, тиамин, фосфор, кальций, калий, магний, алюминий бар.
Мамандар асқазан, ішек жолдары ауыратын адамдарға баклажанды жиі қолдануға кеңес береді. Атеросклероза ауруын емдеу кезінде баклажанның атқаратын рөлі өте ерекше. Сондай-ақ оның ағзадан холестериннің бөлінуін, ағзадағы су алмасу үдерістерін күшейтетін қабілеті бар. Жүрек ауруы мазалайтын қарт кісілердің баклажанмен дос бола бергені дұрыс.
Баклажан калориясы аз тағамдар қатарына жататын болғандықтан, артық салмақтан арылғысы келетін және қант диабетімен ауыратын адамдардың сенімді серігі бола алады.
Суреттер: vkusnoe.info, sushifan.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева