- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ағзаға пайдалы коктейль...
Ағзаға пайдалы коктейль
Дәруменнен жасалған коктейльдер дәмді әрі денсаулыққа пайдалы. Олар әртүрлі көкөністер мен жеміс-жидектен жасалады.
1. Жеміс пен көкөніс коктейлі
Бұл сусын теріні жақсартып, қан тамырларын тазартады. Оны А, Е және С дәрумендеріне бай көкөніс пен жемістерден жасау керек. Сондықтан сәбіз, апельсин, грейпфруттан тамша сусын дайындауыңызға болады. Олардың құрамында каротин (А продәрумені), Е және С дәрумені мол.
Оны дайындау үшін 3 ірі сәбіз, 2 апельсин не грейпфрут керек болады. Сәбіз бен цитрустың шырынын бөлек ыдысқа сығып алыңыз. Содан соң барлығын блендер арқылы араластырыңыз. Сонымен қатар оған 1 шай қасық жанжабіл тамырын қосуға болады.
2. Ағзаны токсиндерден тазартатын көкөніс коктейлі
Қызылшаны тоңазытқышқа екі сағатқа салып қойыңыз. Сәбіз бен қиярдың шырынын бірдей көлемде болатындай сығып алыңыз. Қызылшаның да шырынын сығып, барлығын блендермен араластырыңыз. Қызылша, сәбіз және қияр шырынының әрқайсысы 100 мл-ден болуы керек. Бұл коктейльді жиі ішіп тұрсаңыз, бүйрек, өт қабы, бауыр мен қан тамырлары тазарады. Әрі бұл сусын онкологиялық аурулардың алдын алады.
Бұл шырын басты айналдырып, жүрек соғысын тездетіп жіберуі мүмкін. Сондықтан алдымен күніне бір ас қасықтан ішіп тұрыңыз. Біраздан соң күнделікті мөлшерді көбейтіп тұруыңызға болады.
3. Жемісті коктейль
Бұл сусын ағзаны тазартып, иммунитетті нығайтады. Тазартатын коктейльдер апельсин, грейфрут, киви, ананас, алма, жүзім секілді жемістерден жасалады. 4 апельсин, 2 киви мен грейпфруттың жартысын сығып, коктейль жасауыңызға болады. Сусынның пайдалы қасиетін арттырғыңыз келсе, оған бал, итмұрын қайнатпасын және жидекті шырындар қосуыңызға болады.
Мұндай коктейль жеміс пен майсыз йогурттан жасалады. Олар ағзаны дәрумендермен нәрлендіріп ғана қоймай, тәбетті де басады. Бір коктейль таңғы астың орнын баса алады.
Оны дайындау үшін блендерде 100 мл майсыз йогуртты араластырып алыңыз. Оған 1 манго не банан мен екі апельсиннің шырынын қосып, араластыру керек.
Ас болсын! Деніңіз сау болсын!
Ф. Абилова