Ағылшын әскерінің құпиясы: сәбізді көп жеу...

Ағылшын әскерінің құпиясы: сәбізді көп жеу...

Сәбіз А витаминінің негізгі көзі саналады.  Өз  кезегінде А витаминінің жетіспеуі салдарынан адамның көзі қараңғылыққа бірден үйренісе қоймай, біршама уақыттар бойына жан-жақты бағдарлап көруі қиынға айналады.

Көздің ішкі қабаты көптеген жарықсезгіштік клеткалардан тұрады: таяқтектес және құтытектес. Міне осы құтытектестердің құрылымы жарықты көп қажет етсе (сезгіштігі аз эмульсия), таяқтектестер, керісінше, тым аз мөлшерде керек қылады (сезгіштігі жоғары эмульсия). Және жарықсезгіштігі жоғары родопсин деген затқа ие бола отырып түнгі жұмысқа кіріседі. Бастысы, родопсин затының негізгі көзі  - А витамині.

Көздің жақсы көруі мен оның кемшіліктерін толықтыру – екеуі екі бөлек дүние. Сіз қанша сәбіз жеуге құлықты болсаңыз да, ол сіздің түнде жақсы көруіңізге көмектеспейді. Бар болғаны терді қызғылтым түске айналдырады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшындардың сапында Джон Каннингэм (1917-2002) есімді капитан болған. Оның 604-әскери бөлімшесі тек қана түнде өнер көрсетіпті. Содан Британ үкіметі сәбізді көп жегендіктен олар түнде жақсы көреді деп сыбыс таратып жіберген екен...

Сөйтсе, «Қоян көз» аталып кеткен Каннингэм капитан түнгі соғысқа радардың ешкім біліп-естімеген жаңа түрін қолданған болып шықты.

Әрине, сене қоятын немісті қайдан табарсыз?! Британ үкіметінің басты мақсаты басқа болған. Елде тұрақты өнім саналған көкөністерге деген  сұранысты арттыру арқылы билік халықты аштықтан құтқарып қала алған деседі.

Мойындау керек шығар, асхана мәзірінде сәбіздің  орны аса жоғары емес. Бұл қатарда, сәбізден жасалған джем мен мармеладтың дастархан төрінен орын ала алмай келе жатқанын айтсақ та болады.

Әлемде сәбізді жақсы көретін бір ел болса, ол ел -  Португалия. 2002 жылы Еуропалық одақ сәбізді жемістің қатарына жатқызу керек туралы қаулы қабылдаса, оның бірден-бір себебі - португалдықтар сүйіп жейтін сәбізден жасалған джем тағамы. 

сурет:vestnikk.ru

Дайындау: Фараби Арыстанбек

Л. Лига