Балалар да аналарын және әжелерін көктемгі мерекемен ерекше етіп құттықтағысы келеді. Бұл рецепттерді дайындау оңай. Ересектерден балаға қолдау мен аздап көмек қана керек.
Жүрек нан
Қажетті ингредиенттер:
- төртбұрышты 4 нан тілігі;
- 1 жұмыртқа;
- кілегей майы;
- дәміне қарай аскөк немесе ақжелкен.
Печеньеге арналған формамен нан тілімінен жүрек ойыңыз. Егер арнайы мұндай жүрек форма болмаса, ересек адам жүрекке ұқсатып пышақпен ойып берсе болады. Нанның екі жағына кілегей майын жағыңыз. Қызып тұрған табаға ойылған нан тілімдерін қуырыңыз. Нан тілімдерін екінші жаққа аударған кезде олардың ортасына жұмыртқа құйып, піскенше қуырыңыз. Оның үстіне ұсақтап туралған аскөк немесе ақжелкен сеуіп ұсыныңыз.
Жеміс-жидек салаты
Қажетті ингредиенттер:
- йогурт;
- апельсин;
- банан;
- алмұрт;
- киви;
- анар дәнектері.
Барлық жемістерді тазартып, тураңыз. Оларды йогуртпен араластырып, әдемі ыдысқа салып, бетін анар дәнектерімен безендіріңіз.
Канапе
Қажетті ингредиенттер:
- бөдене жұмыртқасы;
- черри қызанағы;
- фета ірімшігі;
- нан тілімдері.
Бөдене жұмыртқаларын суға пісіріп алыңыз. Олар суыған соң екіге бөліңіз. Черри қызанақтарын жуып, оны да екіге бөліп шығыңыз. Ал фета ірімшігін текшелеп тураңыз. Нан тілімін де кішкентай төртбұрыштарға кесіңіз. Канапеге арналған таяқшаға әркім өз идеясына қарай ингредиенттерді салып шығуға болады.
Банан десерті
Қажетті ингредиенттер:
- 50 гр кілегей майы;
- 2 банан;
- 50 гр жаңғақ;
- 1 шай қасық бал;
- 1 ас қасық қант;
- 2 ас қасық ерітілген шоколад;
- дәміне қарай балмұздақ.
Табаға майды ерітіп, оған қант қосыңыз. Қоспаның қайнағанын күтіңіз. Оған бананды салып қуырыңыз. Содан соң оны әдемілеп тәрелкеге салып, үстіне сұйық шоколадты құйып, жаңғақтар себіңіз. Оның қасына аздап балмұздақ салып ұсыныңыз.