- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Үзбе...
Массагеттен мәзір: Үзбе қамыр сорпасы
Үзбе қамыр (галушки) – шығыс еуропалық (Венгрия, Словакия, Чехия, Польша, Украина) және жартылай солтүстік-кавказдық (Шешенстан, Ингушетия, Балқария) қамырды қайнаған суға салып пісіретін ас үй тағамы. Үзбе қамырды өзін бір тағам ретінде қаймақпен немесе маймен ұсынады. Сонымен қатар, оны үзбе қамыры бар сорпа ретінде де дайындайды. Үзбе қамыр сорпасының дайындалу жолын ұсынамыз.
Қажетті ингредиенттер:
- кез келген сорпа;
- 1 пияз;
- 1 сәбіз;
- 2-3 картоп;
- 2 жұмыртқа;
- 4-5 ас қасық ұн;
- дәмдеуіштер.
Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізіңіз.
Табаға пияз бен сәбізді қуырып, қалаған дәмдеуіштеріңізді қосыңыз. Жұмсарған пияз бен сәбізді сорпаға салыңыз.
Піскен етті турап, сорпаға салыңыз.
Картопты турап, сорпаға салыңыз.
Жұмыртқаға бір шым-шым тұз салып, оған ұнды қосып, қамыр дайындаңыз. Ол құймақтың қамырынан сәл қоюлау болуы керек.
Сорпадағы картоп піскен кезде оған қамырды шай қасықтың жартысымен салып отыру керек. Қамыр қасыққа жабысып қалмас үшін әр қамыр алар да қасықты сорпаға сулап отырыңыз.
Қамыр 3-4 минут қайнаса, сорпа дайын болады.
Үзбе қамыр сорпасы дайын.
А. Жапатова