- Негізгі бет
- Аспаздық
- 5 минутта пайдалы...
5 минутта пайдалы алма қытырлақтарын дайындаңыз!
Фото:
crello.com
Алма — ағзаға пайдалы әрі қолжетімді жеміс. Оны жаңа піскен, бұқтырылған және кептірілген түрінде де жеуге болады. Мысалы, микротолқынды пеште одан дәмді әрі пайдалы тіскебасар дайындаңыз.
Қажетті ингредиенттер:
- 3 алма;
- 1 ас қасық даршын.
Дайындалу жолы:
1. Алманы жақсылап жуып, оның қабығын ашымай, жіңішке дөңгелектерге кесіңіз;
2. Тәрелкеге қағаз майлық жайып, оның үстіне алма тілімдерін қойыңыз. Оның бетіне даршын себіңіз;
3. Микротолқынды пеште алма тілімдерін 5 минут пісіріңіз;
4. Ыстық алма қытырлықтарды қағаздан алып, суытыңыз.