Кей кездері дұрыс әрі пайдалы тағамдар жесеңіз де асқазаныңыз ауырып тұрғандай сезім пайда болады. Ол тағамдардың бір-бірімен үйлеспеуінен болуы мүмкін. Ағзаға жайсыздық сездірмейтін 5 тағам үйлесімін ұсынамыз. Йогурт пен жемістер бір-бірімен жақсы үйлесім табады. Үйдің йогурты болғаны жақсы. Олар жасұнық пен ақуыздың жақсы үйлесімін береді. Сәбіз шырыны мен кілегей. Кез келген май бета-каротиннің сіңуіне көмектеседі. 1 стақан шырынға 1 ас қасық кілегей салып ішіңіз. Балық пен лимон да бірге жүреді. Лимон суы дәмдеуіштердің орнын басып, оның құрамындағы С дәрумені ағзаға балық темірінің және тұзының сіңірілуіне көмектеседі. Қияр мен қызанақ өте дәмді жұп. Қияр мен қызанақтан жасалған салатты бірден жеп қою керек. Егер салатты көп мөлшерде дайындап, одан артық қалған салат тұрып қалса, қияр ферменттері қызанақтағы С дәруменін бұзып тастайды. Аскөк пен ет. Етті жегенде асқазанға ауыр болмас үшін аскөк пен көкөністердің көп болғаны жақсы.