Асбұршақ езбесі

Күн сайын кешкі асқа не әзірлеймін деп бас қатыратын жайт кез келген ас үй иесіне таныс болар. Ондайда сіздерге Массагет сайты көмекке келеді. Көп уақыт жұмсамай даяр болатын тағам іздесеңіз асбұршақ (горох) езбесін әзірлеңіз. Ол үшін үйіңізде бұршақ, өсімдік майы, тұз болса жеткілікті.

Бұршақты жақсылап жуамыз.

Үстіне су құйып, 1,5 сағат шамасында жұмсарғанша қайнатамыз. 

Қайнаған соң, суын сырқып алып, миксермен не әдеттегі картоп езетін құралмен жақсылап еземіз. Үстіне тұз салып, аздаған өсімдік майын тамызып, дастарқанға ыстықтай ұсынамыз. Ас болсын!