Қазірде суши атты жапондық тағам кең танымалдыққа ие бола бастады. Экзотикалық тағамға негізделген диета ұстанушы қатарлары да көбейді. Себебі суши - дәмді, пайдалы, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен тағам түрі.
Диетолог мамандардың айтуы бойынша, суши пайдалы ғана емес, сонымен қатар үйлестірілген тағам түріне жатады. Яғни оның құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер мен минералдар топтамасы бар. Сушиды шикі балықтан әзірлеп, ішіндегі пайдалы заттарын жоғалтпайды.
Тойымды сушидың құрамында калорий мөлшері өте аз болады. Бір суши құрамында (50 г) 62-90 калория бар болады. Мысалға, шоколадтың бір тілімінде (10 г) 78 калория бар екен. Әрине шоколадпен салыстырғанда, суши құрамында 5 есе көп денсаулыққа пайдалы дәрумендер мен минералдар бар.
Суши ұлттық дастарханында кездесетін жапондықтардың өмір жасы ер кісілерде - 79, әйелдерде - 86 жыл. Осыған қарағанда ұзақ жасаудың бір себебі дұрыс тамақтану болар. Жапондықтар тек суши емес, теңіз өнімдері, балық пен күріштен әзірленген басқа да тағамдарды сүйсініп жейді.
Ғалымдардың айтуынша, сушиді сүйіп жейтін адамдардың ми жұмысы жақсы болып, асқорыту жүйесі мен жалпы иммунитеттері мықты болады.
Ал соңғы жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, суши стрестерге төтеп бере алады екен. Статистика бойынша, кішкентайынан теңіз өнімдерін жейтін жапондықтар басқаларға қарағанда 3 есе кем депрессияға шалдығады-мыс.
Теңіз өнімдері қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек ауруларынан сақтайды. Сондай-ақ диета атаулысын білмейтін жапондық қыздар қашанда артық салмақтан қиналған емес.
Еш температуралық өңдеуден өтпейтін теңіз өнімдері құрамында пайдалы тұздар, аминқышқылдар, дәрумендер мен минералдар сақталады. Құрамында сондай-ақ А, В тобының дәрумендері, магний, калий, кальций болады.
Суши диетасын ұстанған адам аштық жариялауды қажет етпейді. Диеталардың көпшілігі ұсынатын сізге ұнамайтын, дәмсіз тағамдарды жеуді қажет етпейді.
Теңіз өнімдерінен жасалынған тағамдарды рационыңызға тұрақты қонақ қылсаңыз, артық салмақ тастап, денсаулығыңызды жақсарта аласыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: goodfoodca.blogspot.com, sushilivre.com