- Негізгі бет
- Аспаздық
- 10 минутта дайын...
10 минутта дайын болатын торт
Ингредиенттер:
Бисквит
- 100 грамм кілегей майы;
- 100 грамм қара шоколад;
- 100 грамм қант;
- 3 жұмыртқа;
- 100 грамм ұн;
- 1 шай қасық қопсытқыш.
Крем
- 1 жұмыртқа;
- ½ стақан қант ұнтағы;
- 100 грамм жібіген сары май;
- ваниль;
- ½ шаршы шоколад.
Дайындау жолы:
1. Кілегей майы мен шоколадтың бір бөлігін қысқатолқынды пешке салып 2 минут қыздырыңыз.
2. Сосын 100 грамм қантты, 3 жұмыртқаны, қопсытқышты, шоколадты және майды араластырыңыз.
3. Қамырды жақсылап илеңіз.
4. Содан соң барлығын қысқатолқынды пешке салып, 7 минут күтіңіз.
5. Бисквит дайын болғанға дейін бетіндегі кремін жасай беріңіз.
6. 1 жұмыртқаны қант ұнтағымен және кілегей майымен араластырып, оған ваниль немесе шоколад қосыңыз.
7. Сіздің тортыңыз да дайын болады.
Ас болсын!
Ж. Исакаев