- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ежелгі жемістердің...
Ежелгі жемістердің бірі – айва
«Алтын алма» атауымен Афродита кезеңінен кеңінен танылған жемістің қазіргі күні де өз орны ерекше. Алма, алмұрт жемістерінің тұқымдасына жататын – айваның өзіндік ерекшеліктері молынан кезігеді. Оны шикілей жеуге болмайды, дәрігерлердің айтуы бойынша асқазан, ішек жолдарына өзіндік кері ықпалын тигізеді. Дүкен сөрелерінде көздің жауын алатын «айва» жемісінен жасалған, желе, мармелад, тосап күйінде даярланған тағамдар ауызда ери түседі. Тосап күйінде бұл жеміс көптің көңілінен шығары хақ дүние себебі жұмсақ күйінде әлдеқайда дәмдірек. Ежелгі аңыздарға назар аударарлық болсақ, айва Португал елдерінде «marmelo» деп аталып, мармелад күйінде шығуға ықпал еткен деседі. Қазіргі таңда айва жемісін қырықтан аса ел өсіреді.
Айваны тосап түрінде де қуырылған тағам түрінде де қолдануға болады. Тосап даярлау оңайдың оңайы. Айва жемістерін бөліктерге бөліп, ортаңғы өзегін алып тастап, мөлшеріне қарай қант қосып, жеміс жұмсақ қалыпқа енгенше, көбігін алып суыған соң тосап ретінде қолдана береміз. Тосап ретінде тағы да асқабақ пен айваны араластырып жасауға да болады.
Айваның үш түрі болады.
Қытай айвасы, жапон айвасы және қарапайым түрі. Қытайда бұл жемісті «ұзақ жасаушы» жеміс ретінде қабылдаса, Жапон елінде жасыл мен сары түске оранған ағаш ретінде қабылдайды. Тұқымында өзінше ащы реңк болғандықтан, шикі күйінде қолданылмайды. Айва жемісінің өзіндік бір ерекшелігі – хош иісінде.
Айва –жемісі өзіндік ерекше реңке ие. Сіз айвадан жасалған тағамды не тосапты жей, іше отырып, жүйке жүйеңізде орын алған келеңсіз жағдайларда ада боласыз. «Ұзақ жасаушы» жеміс болғандықтан, сіздің де өміріңіздің жақсаруына өз ықпалын тигізетіндігін ескергейсіз. Сыры мен қыры мол жемісті татып көруге асығыңыздар.
М. Ақан