- Негізгі бет
- Куәгер көзімен
- Starbucks туралы 12...
Starbucks туралы 12 дерек
Осыдан қырық үш жыл бұрын үш жігіт, жергілікті кофе дайындайтын орынға қызыға қарап, өздері дайындауды үйренуге кіріседі. Бүгінге келіп, кішкене кофе дүңгіршектері брендке айналған бизнестің алыбы атанып үлгерді. Оның жарты ғасырлық тарихында өткерген жолы әрбір бизнес көзін білгісі келген адамға қызық болары анық. Компанияның тарихынан бөлек, оның көпке белгісіз деректері әрі қызық, әрі пайдалы.
1. Starbucks компаниясының негізін қалаушылар миллиардтаған дивидент алып келетін жобадан құр қалған
1966 жылы голландтық кофе маманы Альфред Пит Беркли қаласында (Калифорния штаты) Peet’s Coffee & Tea деген атауға ие кофехана ашады. Ал оның достары ағылшын тілі мұғалімі Джерри Болдуин, тарих мұғалімі Зев Сигл және жазушы Гордон Боукер кофенің дайындау сипатына қызығып, 1971 жылы Сиэтлде Starbucks-тың алғашқы кофеханасын ашады. Болашағы жарқын болған компанияны Говард Шульц есімді салымшы 1984 жылы 4 миллион АҚШ долларына сатып алады. Сол жылы Болдуин, Сигал және Боукер сатудан түскен бар қаржысын Peet’s Coffee & Tea кофехана бизнесіне салады. Қазіргі кезде Peet’s Coffee & Tea табысы Starbucks табысының елуден біріне тең.
2. Алғашында Starbucks атауы өзгеше болған
Starbucks «Моби Дик» романындағы капитан Ахав көмекшісінің есіміне қатысты екенін көпшілік біледі. Дегенмен, ол компанияның алғашқы атауы болмағанын ешкім де ескере қоймаған болар. Болдуин, Сигал және Боукерлер жаңа дүкеннің ашылуына бизнес жоспар түзіп жатқанда, Pequod (Пекод) деген атау ғана бар болған. Пекод та «Моби Дик» романындағы кеменің атауы болған.
3. Starbucks кофеханалары әр көшенің бұрышында
1986 жылы бар жоғы алты дүкені ғана болды. Компанияның өрістеуі 1987 жылдан басталады. Ванкувер, сосын Чикаго қаласында ашылады. Ал 1989 жылы олардың саны 46-ға жеткен болса, қазіргі кезде 23 174 дүкенді құрап отыр. Бұл соңғы 25 жылда, орта есеппен, әр күні екі дүкеннен ашылғанын білдіреді. Әзірге Қазақстанда ашылмағанымен, АҚШ-та ол әр көшенің бұрышында жұмыс істеп тұр.
4. Starbucks-ты Санта фе Спрингс тұрғындары секілді ешкім сүйіп ішпейді
Санта фе Спрингс - Лос-Анджелес маңында орын тепкен кішкене қалашық. Жергілікті тұрғындар мұнда онша көп болмаса да, 560 орынға ие компанияның ең үлкен кофеханасы осында салынған. Егер статистикалық ақпаратқа сүйенер болсақ, Санта фе Спрингстің әрбір 29-ншы тұрғынына кофеханада орын табылады.
5. Starbucks кофе дүңгіршегіне кірсеңіз, алдыңызда 87 000 түрлі сусынның таңдауы тұрады
Starbucks-ка келгеніңізде бес түрлі көлемдегі 87 000 кофенің бір түрін таңдау мүмкіндігіне ие боласыз. Бір қызығы, әрбір қаланың өзіндік сусыны бар. Мысалы, Нью-Йоркта классикалық Pike Place сусынын ішкенді ұнатады. Шарлоттада жеңіл латте, Омахада мокка кофесі ең сүйікті болып табылады. Starbucks-тың ең қымбат кофесі 57,75 АҚШ долларын құрайды.
6. Starbucks-та қуаттанып алуға болады
Гранде дайындалған сусыны 330 мг кофені құрайды. Бұл шамамен 4 Red Bull кұтысына тең. Әрине, кофе құрамы әр түрлі жағдайға қарай өзгеруі мүмкін. Дегенмен, кофе мамандары оның ең орташа деңгейін сақтап тұруға тырысады. Ең жоғары кофе құрамы Пайк Плейс сусынында болса, ең азы шәй мен энергетикалық сусындарда болады. Ұсынылып жатқан сусынның көлеміне қарай, сіз кем дегенде 15-30 мг кофеин қабылдайтын боласыз.
7. Starbucks тіскебасары McDonald’s бургерлерінен де зиян ба?
Starbucks-та алған тәттілер фаст-фудқа қарағанда әлдеқайда пайдалы болады. Дегенмен, ол тәттілерді де мөлшерден тыс қабылдаған денсаулығыңызға зиян. Бутербродтарда, орташа есеппен, 400 калория мен 20 грамм май болса, ал кофеге қосып сатылатын бөлкелердің көрсеткіші бес есе төмен.
8. Starbucks қалауыңыздағы сусынның кез-келген көлемін ұсынады
Майкл Блумберг Нью-Йорк қаласының мэрі болған кезде, 500 мл көлемді сусынның тым артық болатындығынан, шектеу қойған болатын. Бірақ бұл кофеге қатысты айтылмаған еді. Starbucks 2011 жылы 916 мл көлемде дайындалатын өзінің жаңа Тренто (итальян тілінен аударғанда «отыз») сусынын ұсынады.
9. Starbucks сақтандыруға табыстан да көп қаржы жұмсайды
Starbucks кофенің мыңдаған түрін дайындайтынын ескерсек, оның табысы да өте ауқымды деп ойлаймыз. Дегенмен, бас директор Шульцтің айтуына қарағанда, компания жұмысшылардың сақтандыруына табыстан да көп қаржы жұмсайды екен. 2008 жылы әлемдік дағдарыс бұл компанияға да кесірін тигізгенде, салымшылар шығынды азайтуды талап еткен. Қысқарғанның өзінде, жұмсалатын қаржы жылына 300 миллион АҚШ долларын қамтыған.
10. Бариста (кіре берісте тұратын адам) әрбір келушіге күлуге міндетті
Starbucks-тің әрбір баристасы кофехананың ішіндегі тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәнерін үйренген жұмысшы болады. Оның негізгі жұмысы келушілерге күліп қана қоймай, сізбен жақын танысып, достасуы керек. Сол себептен, егер тапсырыс беріп жатқан бойда, сізге жақындап, сіз туралы қызыға кеткен адамды байқасаңыз одан қашқақтамауыңызға болады. Ол жай ғана бариста.
11. Дөңгелек үстелдер сізді зеріктірмейді
Көптеген адамдар көфені жалғыз ішуге дағдыланған. Сырт көзден олар өмірде жалғыз қалған адамдар секілді көрінеді. Сондықтан олардың жалғызсырамауы үшін дөңгелек үстелдер арнайы жасалынған.
12. 8-ден 10-ға дейін емес, 7:50-ден 10:10-ға дейін
Starbucks-тың көп адамдарға түсініксіз болған бір ережесі бар. Ресми түрде компания таңғы 8-ден бастап жұмыс істейді. Дегенмен, таңертеңнен кофе ішкісі келіп, кезекте тұрып алған келушілердің қалауын жылдам жасау үшін, кофехана жұмысшысы дүкенді 10 минут ерте ашуына рұқсат етілген.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.starbucks.com
Ж. Өрісбай