- Негізгі бет
- Куәгер көзімен
- Қолтырауындар мыңға жуық...
Қолтырауындар мыңға жуық әскерді жеп қойған
1945 жылдың 19 ақпанында ағылшындармен соғысқан мыңға жуық жапондық әскерді қолтырауындар жеп қойған екен.
19 ақпан Екінші дүниежүзілік соғыстың ең бір қасіретті күні саналады. Себебі Рамри (Бирма) аралында ағылшын теңіз десанты жапондық әскерді қолтырауындар мекен ететін батпаққа айдап салған. Нәтижесінде мыңға жуық әскер ешқандай оқ пен артық күшсіз мерт болады. Ясу Юнуко есімді жапон әскерінің полковнигі толтырған рапортта мың әскердің тек 25-і ғана еліне аман оралыпты. Бұл рапорт былтыр ғана жер-әлемге мәлім етілген. Ал сол кезде әскери трибунал құрған арнайы комиссия 3 шаршы шақырым аумақтағы батпақты судың 24%-ы адам қаны екенін анықтапты.
Бұл қайғылы оқиға 1945 жылы Гитлердің жапондық жақтастары оңтүстік-батыс фронттың барлық стратегиялық позицияларына қарсы шабуыл жасау кезінде болған. Оның басты территориялық нысаны Рамри аралы болған екен. Дәл осы тұстан ағылшын-америкалық әскерге шабуыл жасау тиімді болған да, ал кейін жау бұл жерді анықтап алған соң ол жерге тұтқиылдан шабуыл жасалады. Базаны қорғауға жапон қолбасшылығы ең мықты арнайы бөлімін жібереді.
Ағылшын десанттық батальонының командирі Эндрю Уайерт өте қу әрі тапқыр офицер екен. Өзінің қоластындағы ең мықты деген тыңшы тобын аралды зерттеуге жібереді. Дәл осы офицер батпақты көлде мекен ететін қолтырауындар жайлы біліп, қалай да жау әскерін сонда айдап салуды көздейді. Майор оның бұл ойына сенімсіздік танытыпты: «Біздің әскер саздан өте алмайды, ал жапондықтар батпақпен жүруді қолайлы көреді, біз бәрін де жоғалтамыз». Қарсы жауап мынадай болады: «Маған сен, сонда өмір сүретін боласың...».
Офицердің есебі дәл келеді. Оның әскері негізгі соғыс майданының орнын терең сазды көлге аударып, өздері сытылып шығады. Ал жапон әскері өзіне ыңғайлы болады деген оймен бұған тіпті қуанады. Ағылшындық аз ғана әскер жапонның ең мықты делінген қолын батпаққа әкелген соң өзінің негізгі көп әскерін тұтқиылдан жібереді. Жапондық солдаттар саз балшыққа кіргенде ағылшын әскері тау етегіне қарай ойысып, сонда бақылаумен болады. Егер қай-қайсысы тау етегіне шығар болса олардың әр қадамын кезеп тұрған, ал жау қолынан өлім тапқысы келмеген жапондар болотада тұрақтайды. Батпаққа белшесінен батып бара жатқан әскер тез арада не істерін білмей сасып қалады.
Нәтижесінде, талай жаудың сағын сындырған 1215 тұратын әскер қолтырауындардың жемі болады. Ал қалған 20 әскер ағылшындықтардың қолына барып түседі.
Бұл оқиға адам баласының жануарлардың қатысуымен ең көп өлтірілген жағдай болып тарихта қалды. Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына да енген екен. «Мыңға жуық жапон солдаты Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз флотының шабуылына төтеп беріп жатып мыңдаған қолтырауынның аузына барып түсті. Улы шаяндар мен тропикалық масалар олардың жағдайын қиындата түскен» деп жазылған Гиннес кітабында.
Ағылшын әскері қатарында болған натуралист Брюс Райт былай дейді: «Бұл түн қайсыбір жауынгер сезінбеген қиындықты тудырды. Қолтырауындардың аранында ауырсынып айғайлаған жапондықтардың сипаты тозаққа ұқсап кетті. Мұндай көріністі жер бетінде ешкім де көрмеген шығар. Таңға жуық қолтырауыннан қалған өліктерді құзғындар тори бастады. Бұл азаптан аман қалған 20 ғана адам табылды».
Жоталы қолтырауындар қазірге дейін ең қауіпті жыртқыш болып саналады. Аустралия жағалауларында дәл осы қолтырауынның шабуылынан көп адам қаза табуда. Қолтырауынның адам өлтіру фактісі акулалардың адам баласын өлтіру фактісінен де көп екенін айтады мамандар. Үлкен қолтырауындар қатты тістейді екен, тістеу қысымы – 2500 келіге дейін жетеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: expert.ru
А. Құлтай